astana-view

Шымкенттік кәсіпкерлерге зияткерлік құқық туралы түсіндірілді

2023 жылғы 27 Қазан
- Шымкент қаласы
9185 просмотров

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында сауда және қызмет көрсету кеңесінің отырысы өтті. Жиынға палата қызметкерлері, әділет департаментінің басшылығы мен кәсіпкерлер қатысты.

Кеңес отырысында әділет департаментінің өкілдері зияткерлік меншік және контрафакт өнімдермен күрес туралы баяндады.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында түрлі салалармен қоса зияткерлік меншікті қорғауда барлық жағдай жасау қажеттігін атап өткен болатын. Ал зияткерлік меншік құқықтарын қорғау құралдарының бірі осы саладағы бұзушылықтардың алдын алу мен халықтың құқықтық сауатын арттыру. Айта кетейік, 2022 жылғы 20 маусымда ұлттық заңнамаға «Географиялық нұсқама» жаңа өнеркәсіптік меншік объектісі енгізілді. Бүгінде Қазақстан Республикасының Географиялық нұсқамаларының мемлекеттік тізілімінде «TURKISTAN» шоколады, «TURKISTAN» балмұздағы, «Қарағанды» балмұздағы, «ЧАЧА Чача» (Грузия) және «Алматы апорты» атаулары тіркелген. Осы негізде жергілікті әкімдіктермен және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп кәсіпкерлерге әр өңірде әлеуетті географиялық нұсқама тіркеудің артықшылығы бойынша ақпараттандыру жүргізу қажет», – дейді Шымкент қалалық әділет департаменті басшысының орынбасары Айгүл Исабекова.

Әділет органы өкілдерінің айтуынша, заң бойынша тауар және қызмет көрсету белгісінің, фирмалық атаудың пайдаланылуын мемлекеттік бақылау ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

Жиынға қатысушылар күн тәртібіндегі мәселеге қатысты сұрақ-жауап алмасты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер