astana-view

Павлодар «Атамекенінде» бизнестің жүйелі және жеке мәселелері тыңдалды

2023 жылғы 06 Қараша
- Павлодар облысы
7932 просмотров

Павлодар өңірлік кәсіпкерлер палатасында облыс прокуроры Берік Жүйріктаев бизнеспен кездесті.

Берік Жүйріктаевтың айтуынша, ол Кәсіпкерлер палатасына өңірдегі бизнес мәселелерін зерделеу үшін келген.

«Мен қай жерде болсам да, біз әрқашан барлық мәселені назарда ұстауға тырысамыз. Осы мәселеде тәжірибем бар, әрбір іспен, барлық жүйелі және жеке мәселелермен жұмыс істеуге дайынмын. Ол үшін бізде осымен айналысатын арнайы бөлім бар. Мобильді топтар бар. «Атамекен» алаңында біз тығыз өзара іс-қимылға дайынбыз және тәулік бойы байланыстамыз», –деп атап өтті Берік Жүйріктаев.

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов өңірдегі бизнес проблемаларының бір бөлігі қазір жүйелі сипатқа ие екенін, сондықтан да құқық қорғау және орталық атқарушы органдардың араласуын талап ететінін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер