astana-view

МАӘС басшысы павлодарлық «Атамекенде» бизнеске кеңес береді

2023 жылғы 06 Қараша
- Павлодар облысы
6667 просмотров

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы  Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасында сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелері бойынша бизнес субъектілеріне консультациялар өткізуді жоспарлап отыр.

Кездесу 9 қарашаға жоспарланған.

«МАӘС қазыларымен құқық қолдану практикасын зерделеу және түсіндіру мақсатында жоспарланған тұрақты семинарлар, «дөңгелек үстел» отырысы шеңберінде Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында кездесуге болады», – дейді «Атамекен» ӨКП директоры Ерқанат Әбенов.

Жеке қабылдауға жазылу үшін Павлодар облысы аәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөліміне хабарласуды сұраймыз:  8 7182 660311 (ішкі. 5518), 87002946385 (Гүлнар).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер