astana-view

Қазақстанның PlayStation ойын клубтарының иелеріне қылмыстық жауапкершілік қауіп төндіруде

2023 жылғы 09 Қараша
- Абай облысы
9903 просмотров

"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына "ҚАЗАСП" ЗТБ президенті В.Г. Лосевтің PlayStation ойын клубтарының иелеріне авторлық құқықты бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру қажеттілігі туралы өтініші келіп түсті.

Сонымен, "ҚАЗАСП" ЗТБ ҚР аумағында Sony Interactive Entertainment Europe, Ltd (SIEE) компаниясының мүдделерін білдіретінін және құқықтарды қорғайтынын, зияткерлік меншік объектілерін – Sony PlayStation тауар белгілері мен бағдарламалық қамтамасыз етуді (Ойын Приставкалары, оларға керек-жарақтар, бейне ойындар) пайдалануға мүдделерді қамтамасыз ететінін хабарлаймыз.

SIEE өзінің консольдері мен бейне ойындарын тек жеке пайдалану үшін шығарады және сатады. Сәйкесінше консольдерде орнатылған бейне ойындар мен бағдарламалық жасақтаманы лицензиялайды – тек жеке пайдалануға арналған.

Құқық иесі өзінің бағдарламалық жасақтамасын коммерциялық пайдалануға тікелей тыйым салады. Бұл тыйымдарды консольдердің қаптамаларында және әр ойын дискісінде және барлық қоғамдық келісімдерде жазулармен білдіреді. Осы келісімдерге кіре отырып, пайдаланушы бағдарламалық жасақтаманы (ойын консольдері мен бейне ойындарын) коммерциялық мақсатта пайдаланбауға келісім береді және міндеттеме береді.

Ойын клубтар иелері келушілерге консольдер мен бейне ойындарды ақылы түрде беруі заңсыз болып табылады.

Авторлық құқықты бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 198-бабында қылмыстық жауаптылық көзделген.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған қызметпен айналысатын кәсіпкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша сот практикасы бар (соттардың үкімдерін қоса жолдаймыз).

"ҚАЗАСП" ЗТБ президенті кәсіпкерлер 01.03.2024 жылға дейін өз қызметін қайта құрып, оны заңды бағытқа жібере алады деп санайды.

Осыған байланысты кәсіпкерлерді ойын клубтарын жүргізудің, ойын консольдері мен бейне ойындарды ақылы түрде ұсыну бойынша құқықтық салдары туралы хабардар етеміз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер