astana-view

Павлодар облысындағы кәсіпкер және депутат сауда орталығында оқу залын ашқысы келеді

2023 жылғы 10 Қараша
- Павлодар облысы
9006 просмотров

Павлодарда кітап орталығы ашылды. Ол «Amanat» партиясының облыстық филиалында жұмыс істейтін болады.

Кітап орталығының ашылу салтанатына астаналық «Amanat» партиясының хатшысы Шолпан Каринова, әдебиетшілер, публицистер, жергілікті жоғары оқу орындарының ректорлары, Қазақстан журналистер және жазушылар одағы, Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасының өкілдері, өңірдің қоғам қайраткерлері қатысты. Шолпан Каринова осындай орталықтар жұмысының маңызын айтып, кітап клубының болашағы зор екенін атап өтті.

«Бұл өте үлкен әлеуметтік және мәдени жоба. Партия филиалдарының қабырғасында кітап орталықтарын ашу арқылы біз олардың руханият орталықтарына айналуын мақсат етеміз. Адамдар партияға өз мәселелерін шешу үшін ғана емес, рухани баю үшін де келе алады, қазақстандық авторларымыздың таңдамалы кітаптарымен таныса алады. Жергілікті ақындар, жазушылардың қолдауының арқасында кітап клубы павлодарлықтардың сүйікті орнына айналатынына сенімдімін», – деді ол.

Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы Серік Елікбай, Торайғыров университетінің ректоры Еркін Садықов пен А. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің ректоры Жанбол Жилбаев бастаманы құптады.

«Жоба рухани және ағартушылық бағыттарды насихаттау мәселелерінде маңызды мәнге ие. Орталыққа жәрдемдесу және дамыту мақсатында біз ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 165 жылдығына орай шығарылған университет ғалымдарының авторлығымен алты томдық жинақ ұсынуды ұйғардық», – деді Еркін Садықов.

Өз кітаптарын павлодарлық жазушы Ғалымбек Жұматов, журналист, Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Александр Вервекин және басқа да қонақтар сыйға тартты.

«Бүгінде көптеген кітап шығады, жастар тек классиканы оқып қана қоймай, психология, бизнес, тарих бойынша еңбектерімен танысады. Клубтың кітап қоры үнемі толықтырылып, әр буын үшін сұранысқа ие болуын тілеймін», – деп атап өтті Александр Вервекин.

Кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты Александр Толмачев бастама көтерді. Ол Ақсу қаласының ірі сауда-ойын-сауық орталығында «Кітап-AMANAT» оқу залын ашуға уәде берді.

«Мен шығармашылық процестен үлкен әсер алдым және осы мүмкіндікті пайдаланып, Aqsu Mall-да шамамен 36 шаршы метрді құрайтын үлкен оқу залын жасағым келеді. Бұл формат саужа ойын-сауық орталығының келушілері үшін тартымды болатынына сенімдімін, кітаптар халық үшін қадамдық қолжетімділікте болады», – деп жоспарын бөлісті құрылысшы.

Кітап клубының ашылуына Александр Толмачев урбанистика бойынша оқу курсынан келді. Ол белсенді қоғамдық қызмет жүргізеді, балалар орталығына, халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдан келгенше көмек көрсетеді, тұрғын үй салумен белсенді айналысады.
Кітап орталығы қазақстандықтардың отандық әдебиетке, оқу мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ қазақстандық жазушылар мен баспаларды қолдауға бағытталған. «Кітап-AMANAT» Павлодар Кітап клубы 1000-ға жуық кітаптың түсуін күтуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер