astana-view

Кәсіпкерлер теміржол көлігімен тасымалдағы проблемаларды атады

2023 жылғы 24 Қараша
8060 просмотров

«Атамекен» ҰКП алаңында логистика және тасымалдау комитетінің теміржол көлігі жөніндегі қосалқы комитетінің отырысы өтті. Күн тәртібінде – ұлттық тасымалдаушының «Теміржол көлігі туралы» ҚР Заңының 35-бабын дұрыс қолданбауы, теміржол жолдарындағы жылжымалы құрамның тұрып қалуы (кідірісі) үшін ақыны негізсіз есептеу, жүкті ТЖ көлігімен тасымалдау қағидаларын дұрыс қолданбауы.

Қазақстан вагон тасымалдаушылары мен операторларының қауымдастығының бас директоры Салтанат Адамбаева «ҚТЖ» ҰК» АҚ-қа қарасты ҚР темір жолы бойынша жүктерді тасымалдауға арнайы тарифтік шарттарды белгілеу жөніндегі комиссия тең емес жағай жасайтынын айтты. Бұл туралы мәселе Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде 2021 жылдан бері бақылауда. Алайда, нәтиже әзірге жоқ.

«Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бәсекелестік бұзылғанын растады. Тергеу басталды, бірақ қанша жүргізілетіні белгісіз. Алдымызда 2024 жыл. Кәсіпкерлер ҚТЖ хабарламамай, тағы кедергі жасайды деп алаңдайды», – деді Салтанат Адамбаева.

Қазақстанның ұлттық экспедиторлары қауымдастығының бас директоры Мұхамбет Сабетовтың айтуынша, осы жылдың тамызынан бастап «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС тарапынан қазақстандық экспедиторларға ТЖ көлігімен жүктерді тасымалдаудың негізгі және қосымша жоспарларын келісуден бас тартқан. Бұл экспедиторлық компаниялар үшін басты проблемаға айналды. Бұл ретте, инсайдерлік ақпарат бойынша шетелдік әріптестерге аффилиирленген компанияларға тасымалдауға өтінімдер қайта ресімделген жағдайда жоспарларды кедергісіз келісу ұсынылған.

   Мұхамбет Сабетов магистральдық теміржол желісіндегі қозғалысты жоспарлау мен басқарудың тиімсіздігі, сондай-ақ «тастанды» пойыздар санының жыл сайынғы өсуімен локомотивтің қатты тапшылығын атап өтті. Оның айтуынша, 2023 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша ҚР аумағында 400-ден астам құрам жұмыс істемейді. Бұл тасымалдау шарттарының орындалуының бұзылуына, тиелген/бос вагондардың тоқтап қалуына, вагондардан жүк пен жиынтықтауыштардың ұрлануына әкеледі.

«Кәсіпкерлер жалға алынған, лизинге немесе субсидияға алынған вагондардың тұрып қалуы салдарынан қаржылай шығынға батып жатыр. Меншік иелерінің вагондары өз осіндегі қоймаға айналды. Күн сайын ең қарапайым есептеу бойынша вагондардың меншік иелері бір вагон үшін ең аз дегенде 8 мың теңге жалдау ақысын төлеген кезде тәулігіне 40 млн теңгеден астам шығынға ұшырайды», – деп толықтырды спикер.

Бұл пікірді логистикалық бизнес өкілдері қолдады.

ҚР Көлік министрлігі жұмыс тобы аясындағы мәселелерді егей-тегжей қарауға дайын екенін білдірді.

Жиын қорытындысы бойынша ҚР Көлік, Әділет, Ұлттық экономика министрліктері, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-қа ұсыныстар әзірленді.

Жиында ҚР Көлік министрлігіне теміржол қызметтері нарығындағы жаңа субъектілердің нормативтік құқықтық базасы мен өзара іс-қимыл технологиясын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының НҚА-ны қайта қарау жөніндегі жұмыс құрамы мен жоспарын бекіту ұсынылды. Жұмыс тобына – бизнес өкілдерінің қатысуымен жүк жеткізу уақытының қолданыстағы нормасы олардың орындалуы мен қазіргі жағдайда өзектілігі тұрғысынан сәйкестігін қарастыру ұсынылды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-қа тарифтерді өзгерту туралы шешім қабылдағанға дейін ҚР темір жолымен жүк тасымалдауға арналған арнайы тарифтік шарттарды белгілеу бойынша бизнеспен талқылау жүргізу, оларды ҚР Көлік министрлігімен келісуді қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа жылдан бастап үлгілік келісімшарт бойынша жұмысқа көшу ұсынылды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер