astana-view

Кәсіпкерлерге сүт өңдеу және жылыжай шаруашылығы бойынша оқыту өтті

2023 жылғы 05 Желтоқсан
- Қызылорда облысы
6654 просмотров

Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы «Мен – кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту құралының «Кәсіпке бағыт» бағытын жүзеге асыру аясында салалық (бейіндік) оқыту курстарын өткізді.

Бұл жолы кәсіпкерлік субъектілері «Сүт өңдеу» және «Жылыжай шаруашылығы» салалары бойынша біліктілігін арттырды. Салалық оқытуды сүт өнімдерін өндіруде үлкен тәжірибесі бар Қазалы ауданындағы «Рза-Сүт» ЖШС, «Жылыжай шаруашылығы» бойынша оқытуды ЖК «Green house» өткізді.

Оқыту барысында қатысушылар сүт өнімдерін өңдеу технологиясымен, оны сақтау және тасымалдау жолдарымен, сүтті өңдеудің тиімділігін арттыру, маркетингті ұйымдастыру сондай-ақ, жылыжайда қияр, қызанақ, құлпынай, банан тағы басқа көкөніс пен жемістерді өсіру жолдарымен танысты.

Оқытудан кейін қатысушылардың әрқайсысы оның өз кәсіптеріне пайдалы болған тұстарын айтып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

«Оқыту екі әдістен тұрды: теориялық және практикалық. Теориялық дәріс кезінде біз көптеген мәлімет біліп, сұрақтарымызға жауап ала алдық. Ал, практикалық оқуда қаладағы бірқатар жылыжайларды аралап, жапырақтарды қалай қию керек, температураны қалай сақтау керек, әр өсімдік пен жеміске қалай қарау керек деген және тағы басқа көптеген тәсілдерді үйрендік. Қазір білген-түйгенімізді кәсібімізде пайдаланып, керемет нәтижеге қол жеткізіп келеміз, осы үшін Атамекен кәсіпкерлер палатасына алғысымыз шексіз»,- деді жас кәсіпкер Жансая Мейрамбекқызы.

Жалпы  оқытуға 26 кәсіпкер тартылса, 11 кәсіпкер сүтті өңдеу саласындағы оқытуға және 15 кәсіпкер жылыжай шаурашылығы бойынша білімін жетілдірді. Барша қатысушылар оқыту барысына үлкен қызығушылық танытып, алдағы уақытта тағы да осы сынды курстарды көбірек өткізіп тұруды ұсынды.

                                                                                                                           


Еншілес ұйымдар

Серіктестер