astana-view

Бөлшек салық бойынша қызмет түрлерінің тізімі екі есе өсті

2024 жылғы 15 Қаңтар
12124 просмотров

Дереккөз: pixabay.com

Енді  бөлшек салықтың арнайы салық режимі кәсіпкерліктің 364 қызмет түріне таралады. Бұған дейін тізбеде 190 қызмет түрі ғана болған.  Тауарларды сатуға және жеке тұлғаларға қызмет көрсетуге бағытталған экономикалық қызметтердің жалпы жіктеуіштерінен (ЭҚЖЖ) басқа, тізімге тауарларды өндіру және қайта өңдеу, жөндеуге байланысты қызмет түрлері, электр монтаждау жұмыстары сияқты қызметтер енгізілген.

Тиісті қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң (2024 жылғы 15 қаңтардан бастап) қолданысқа енгізіледі.

Бөлшек салықты көрсетілген тізбеден қызметтің бір немесе бірнеше түрі қолданылған жағдайда заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қолдануға құқылы. Бөлшек салық мынадай мөлшерлемелер бойынша төленеді: тауарды жеке тұлғаларға сатқан кезде 4% және заңды тұлғалармен мәмілелер бойынша 8%. Бұл ретте мәслихаттарға жеке тұлғаларға сатылатын қызметтер мен тауарларға бөлшек салық мөлшерлемесін 50 пайызға дейін төмендету құқығы берілген.

 2023 жылы бөлшек салық мөлшерлемесі Қарағанды және Қызылорда облыстарында 2 пайызға дейін және Астана қаласында 3 пайызға дейін төмендетілді. Ал 2024 жылға бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету туралы шешімді 2024 жылңы наурыздың соңына дейін қабылдау қажет.

 Аталған тізім Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №1240 қаулысының бекітілуі арқылы кеңейтілді.

Бөлшек салықты қолдануға жататын қызмет түрлерімен мына сілтемеден танысуға болады.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер