astana-view

Павлодар "Атамекен" аудандық филиалы кәсіпкерлерді аудандық кеңеске шақырады

2024 жылғы 02 Ақпан
- Павлодар облысы
6665 просмотров

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы Павлодар ауданының филиалы 1 наурызға дейін аудандық Кеңестің - тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші органның мүшелеріне өтінімдер қабылдайды.

"Өтінімдерді қабылдау аудандық кәсіпкерлер кеңесінің жұмысын жандандыру және Павлодар ауданында бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасау үшін іске қосылды", - деп түсіндірді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.

"Атамекен" ӨКП аудандық филиалы жанындағы кәсіпкерлер кеңесіне кіргісі келетіндер бірқатар құжаттарды тапсырады:
1.     аудандық кәсіпкерлер кеңесінің мүшелігіне кандидаттың еркін нысандағы өтініші (сала санатын көрсете отырып);
2.     кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі;
3.   үміткердің түйіндемесі (фотосуретпен бірге);
4.     кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі;
5.    кәсіпкерлік субъектісінің қатысушылары туралы белгіленген нысандағы анықтама (тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама не бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісінен анықтама (тек акционерлік қоғамдар үшін);
6.    беру мерзімі күнтізбелік он күннен аспайтын соттылығының жоқ немесе бар екендігі туралы анықтама.
Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16, 3 қабат мекенжайы бойынша хабарласуға болады.
Тел.: 8 (7182) 660311-5522. E-mail: a.bakytbekov@atameken.kz.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер