astana-view

Ақтөбеде Өңірлік кеңес мүшелері аудандарға шығып, кәсіпкерлермен кездесулерін жандандырады

2024 жылғы 06 Ақпан
- Ақтөбе облысы
3491 просмотров

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі жергілікті жерлерде ауыл кәсіпкерлерінің шағымдары мен өтініштерін тыңдау үшін аудандарға шығады.

Өңірлік кеңестің төрағасы Асхат Айтжанов бүгін "Атамекен" ӨКП дирекциясымен және ұжымымен кездесті. ҰКП қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес келетін кеңестін жұмыс жоспарының негізгі аспектілерін ілгерілетудегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Бизнесті жүргізудің құқықтық аспектілерін түсіндіру, кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, өңірдің бизнес-ортасының әл-ауқатына мониторинг жүргізу мәселелері басымдықта қалып отыр.

"Бұл әсіресе бизнесті тексеруге мораторийдің күшін жою тұрғысынан маңызды. Аудандарға шығуға, сондай-ақ мемлекеттік органдармен, депутаттармен, салалық кәсіпкерлер кеңестерінің төрағаларымен бірлесіп қоғамдық қабылдаулар өткізуге бастамашылық жасаймыз. Кәсіпкерліктің проблемалық мәселелерін қарау және талқылау, оларды шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу, оларды мемлекеттік органдар мен ЖАО — ға енгізу күн тәртібінде қалады", - деп бөлісті Асхат Айтжанов.

Палата өкілдері өз ұсыныстарымен бөлісті.

Өз кезегінде Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Дидар Боранқұлов өткен жылы өңірлік "Атамекен" сервистік қызметтерде де, бизнеске құқықтық көмек көрсетуде де жақсы нәтижелермен аяқтағанын атап өтті.

"Биыл инвестициялық жобаларды қолдау және сүйемелдеу бағыты қосылды. Палата өз тарапынан бизнесті тексеруге мораторийдің күшін жою аясында Кәсіпкерлерге негізсіз тексерулерден қалай аулақ болу керектігі туралы түсіндіру жұмыстарын күшейтті. Үшжақты жоспарға облыс әкімдігімен және прокуратурамен қол қойылды. Кәсіпкерлердің тілдік сауаттылығын арттыру маңызды деп санаймыз. Облыс тілдер басқармасымен меморандум аясында тілек білдірген кәсіпкерлерге қазақ тілін үйрену бойынша оқыту курстарын ұйымдастырамыз", - деп бөлісті Дидар Боранқұлов.

Сондай-ақ, облыс және қала басшылығының кәсіпкерлермен кездесулерін ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында ӨКП директоры Ақтөбе қаласы бойынша бөлшек салық мөлшерлемесін 4% - дан 2% - ға дейін төмендету мәселесі шешіліп тұрғанын атап өтті. Шешімі — мәслихаттың жақын арада сессиясында белгілі болатына сенімдіміз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер