astana-view

Қазақстанда әкімшілік істер саны артып келеді

2024 жылғы 29 Ақпан
3477 просмотров

2023 жылы елде 11 млн әкімшілік іс тіркелген. Халық саны 20 млн адам, оның ішінде балалар мен зейнеткерлер барын ескерсек, бұл өте үлкен сан.

Салынып жатқан айыппұлдар олар өзінің басқа бұзушылықтарды алдын алу рөлін орындамайды. Сонымен қатар заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтар мен бизнестің заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыруда оң нәтиже бермейді. Бұл туралы Қайырбек Сүлейменовтың төрағалығымен өткен «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында айтылды. Кеңесте әкімшілік жауапкершілікті қолдану кезінде кәсіпкерлік қызметті шектеу туралы мәселе қаралды.

 Кеңес жұмысына мемлекеттік органдар, бизнес және сауда қызметі субъектілері қауымдастықтарының өкілдері қатысты.

 Қайырбек Сүлейменов кейінгі жылдары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс азаматтар мен бизнес субъектілеріне әкімшілік-құқықтық ықпал етудің орнына «жазалаушы» құралы ретінде қолданылғанын атап өтті.

Атап айтқанда, әкімшілік заңнаманың репрессивтілігі ӘҚБтК-нің 425-бабының «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» конструкциясы мен қолдану практикасында айқын байқалады.

05.10.2018 жылғы заңмен осы бапта халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы талаптарды және адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаған гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін айыппұлдар саны ондаған есе ұлғайтылды.

 Осы бапты қолдану практикасы әкімшілік материалдардың барлығы дерлік ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша жасалатынын көрсетеді. Бұл дегеніміз адамдардың денсаулығына зиян келтіруге немесе өзге де зиянды салдарға әкеп соқпаған бұзушылықтар.

 Әкімшілік-құқы бұзушылық кодексінің 425-бабында белгіленген жауаптылықтың қисындылығы ҚР ҚК 41-бабы қылмыстық жазаның бір түрі ретінде әкімшілік теріс қылық жасағаны үшін 20-дан 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл белгілейтіндігімен расталады. Осылайша, заң ӘҚБтК 425-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық жазаланатын қол сұғушылық үшін жауапкершіліктен 8 есе артық айыппұл мөлшерін белгіледі.

ӘҚБтК-нің 425-бабында баламалы санкциялардың болмауы сот және әкімшілік материалды қарайтын лауазымды тұлғаларды бұзушылықтың ауырлығына, кінәлінің жеке басына, нақты жағдайларға байланысты әкімшілік жаза сомасын азайту немесе ұлғайту мүмкіндігінен қағып отыр.

Бизнеске халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында 1743 талап және 60-қа жуық гигиеналық норматив қойылады, олардың кез келгенін сақтамау әкімшілік жауапкершіліктің басталуына әкеп соғады.

«Санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық пен гигиена саласындағы құқықтық актілерін бұзғаны осындай ірі айыппұл мөлшерін белгілеу қисындық қағидатына сәйкес келмейді», – деп атап өтті Қайырбек Сүлейменов.

ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша айыппұлдар мөлшерінің пропорционалды еместігі мен асыра бағаланғандығының дәлелі басқа құқық бұзушылықтар үшін белгіленген жазалармен салыстырумен расталады.

Егер ірі кәсіпкерлік субъекті адам денсаулығына зиян келтіре отырып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы талаптарды бұзса, оған 7 384 000 теңге көлемінде айыппұл салынады. Ал өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін, сондай-ақ адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқтырғаны үшін 126 250 теңге, яғни 58 есе аз айыппұл салынады.

Бұл жайт әкімшілік теріс қылықтар жасағаны үшін айыппұлдардың мөлшерін анықтауда ғылыми негізделген тәсілдің болмауына байланысты. Заңнамада да, әкімшілік құқық теориясында да жасалған теріс қылық үшін жазаның пропорционалдығын анықтайтын параметрлер жоқ.

Кеңесте кейінгі кезде айыппұл мөлшерін ұлғайту арқылы әкімшілік жауапкершілікті күшейту үрдісі байқалатыны айтылды. Осы шарамен мемлекет күнделікті ұйымдастырушылық, құқықтық, экономикалық, тәрбиелік шаралар кешенін және халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді талап ететін құқық бұзушылықтардың алдын алу мен олардың алдын алуды ауыстыруға ұмтылады.

Қазақстанда әкімшілік жаза мөлшерін қалыптастырудағы айқын ауытқу пандемия кезінде жағдай Қазақстанға қарағанда нашар болған Бірыңғай экономикалық кеңістік мемлекеттерінің заңнамалық практикасымен расталады.

Санитариялық нормалар мен гигиеналық ережелерді бұзғаны үшін Қазақстандағы айыппұлдардың мөлшері Беларусьтағы осындай бұзушылықтар үшін айыппұлдардың мөлшерінен 27 еседен астады және Ресей Федерациясының заңнамасымен салыстырғанда жүздеген есе асады.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы нормативтерін бұзудың қалыптасқан әкімшілік-құқықтық жауапкершілігі бизнес пен өкілді органдар тарапынан сын тудыратынын ескере отырып, Үкіметтің 29.06.2023 жылғы №505 қаулысымен Парламентке «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы енгізілді, оған сәйкес ӘҚБтК 425-бабына айыппұл мөлшерін шамалы төмендету ұсынылады.

Алайда, Үкіметтің ұсыныстары осы баптың айрықша репрессивтілігін жұмсартпайды. Бап санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға етпейді, сонымен қатар өзінің репрессиялық-жазалаушы сипатына байланысты кәсіпкерлік қызметтің дамуына теріс әсер етеді.

«Салынатын айыппұлдардың құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігіне пропорционалдығын қамтамасыз ету қажет, өйткені бұл теңгерімсіздік инвестицияларды тарту кезінде мемлекетке имидждік зиян келтіреді, ал заңды жауапкершіліктің жазалаушы сипаты кәсіпкерлік бастаманы шектейді», - деп қорытындылады Қайырбек Сүлейменов.

Кеңес барысында Әділет министрлігіне, Сауда және интеграция министрлігіне, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігіне бірқатар ұсыныс айтылды.

Осылайша, Кеңес Әділет министрлігіне әкімшілік құқық бұзушылықтардың градациясын кішігірім, елеулі және өрескел құқық бұзушылықтар санатына енгізуді ұсынды. Олардың әрқайсысында құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне байланысты айыппұлдың шекті мөлшері болады.

 В ходе Совета были озвучены ряд рекомендаций Министерству юстиции, Министерству торговли и интеграции, а также Министерству здравоохранения.

Так, Совет рекомендует Министерству юстиции ввести градацию административных правонарушений на категории незначительных, значительных и грубых правонарушений, каждая из которых содержала бы предельные размеры штрафа в зависимости от характера и степени общественной опасности правонарушения.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер