astana-view

ЕАЭО ветеринариялық препараттарды қолданудың жаңа қағидаларына көшеді

2024 жылғы 07 Наурыз
4502 просмотров

2024 жылғы 13 наурызда «Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағында ветеринариялық дәрілік заттардың айналысын реттеу қағидалары» күшіне енеді.

«Атамекен» ҰКП алаңында ҚР ветеринариялық препараттар нарығының ЕАЭО ветеринариялық препараттар айналымының бірыңғай қағидаларына көшуінің құқықтық және практикалық аспектілерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті, РФ ветеринариялық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы, РФ Үкіметі жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институты және ҚР бизнес субъектілерінің өкілдері қатысты.

Ветеринариялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Самат Бексұлтанұлы жиынды бастап, қағидалардағы өзгерістер ұзақ уақыт бойы талқыланып келе жатқанын атап өтті.

«Бұл өзгерістер біз үшін жаңалық емес. Бұған дейін жұмыс тобы ветеринариялық препараттарды тіркеу, GMP сертификатының болуы және ол бойынша инспекция жүргізу мәселелерін талқылады», – деді ол.

Бұдан басқа, ЕЭК Кеңесінің шешімі бойынша жаңа қағидалардың күшіне енуі бойынша өтпелі кезеңдер белгіленді:

- Ветеринариялық дәрілік препараттарды (ВДП) ұлттық заңнама бойынша тіркеу қағидалар күшіне енгеннен кейін ғана 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде ҚР аумағында айналысқа жіберу үшін жүзеге асырылуы мүмкін.

- Қағидалар күшіне енгеннен кейін берілген ВДП-ның тіркеу куәліктері тиісті мүше мемлекеттің аумағында 5 жыл бойы жарамды. Қағидаларға сәйкес тіркеу дерекнамаларын  олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ 2032 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

- Қағидалар күшіне енгенге дейін басталған және аяқталмаған ВДП-ны тіркеуді мүше мемлекеттер 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде таниды.

Қағидалар күшіне енгеннен кейін ВДП-ны тіркеу кезінде міндетті талаптардың бірі  – мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген GMP сертификатының болуы.

Сонымен қатар, GMP сертификаттау бойынша инспекция ЕАЭО-ға мүше екі мемлекет – РФ және Беларусь Республикасында да жүргізіледі. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының осы қағидаларына көшу бизнес пен уәкілетті билік органдарының өкілдері үшін үлкен сынақ болады.

Сондай-ақ дөңгелек үстелде Ресей Федерациясының өкілдері өз тәжірибесімен бөлісті.

Ресей Федерациясының «АВФАРМ» атқарушы директоры Семен Ларонков 2024 жылдың 13 наурызынан бастап күшіне енетін жаңа нормалар туралы айтты:

1. Фармакологиялық қадағалаудың жаңа қағидалары;

2. Өндірушілердің жаңа инспекциялары (GMP);

3. Билік органдарының досье алмасу жүйелерін құруы;

4. Бірқатар ветеринариялық препаратты қолдануға шектеу (тыйым салу)

Кездесу барысында ықтимал тәуекелдер мен қорытынды айтылды. Оған сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу қажеттілігі талап етілді. Сондай-ақ жаңа ветеринариялық препараттарды тіркеу рәсімдерін қоса алғанда, ұлттық деңгейдегі негізгі рәсімдерді қайта құруды аяқтауды, досьені сәйкестендіруді, досье материалдарымен халықаралық алмасуды, фармакологиялық қадағалауды және өндірістік алаңдарды инспекциялауды талап етеді.  

Қазіргі кезде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңының жобасында сертификат беруге, инспекторлардың фермаларын аттестаттауға уәкілетті органды айқындау жөніндегі барлық өкілеттіктер көзделген. Осы жоба бойынша Үкіметтің қорытындысы Мәжілістің қарауына жіберілді.

  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер