astana-view

«West dala» ЖШС  – қалдықтарды басқару саласында ESG халықаралық рейтингін алған алғашқы компания

2024 жылғы 14 Наурыз
7113 просмотров

«KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастықтың мүшелерімен кездесу өтіп, саланы дамыту мәселелері талқыланды.

14 наурызда «Атамекен» ҰКП, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі және «Жасыл даму» АҚ өкілдерінің қатысуымен «KazWaste» қауымдастығы мүшелерінің жыл сайынғы жиналысы өтті.

Жиында «Қазақстандағы қалдықтарды басқару саласының болашағы. ESG принциптерін кәсіпорын тәжірибесіне біріктіру» баспасөз-конференциясы өтті. Оған «Атамекен» ҰКП жанындағы ESG және тұрақты даму комитетінің төрайымы Юлия Якупбаева қатысты.

Юлия Якупбаева кеңестің жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып, компаниялардың саясатына ESG қағидаттарын енгізудің маңызын атап өтті.

«Қазіргі кезде Кеңеске барлық негізгі мүдделі тарап, соның ішінде мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор, қаржы институттары мен өнеркәсіптік кәсіпорындар кірді. Кеңес қызметі бағыттарының бірі тұрақты дамудың салалық чемпиондарын өсіру. Қалдықтарды басқару саласында чемптондар пайда болып, тұрақты дамуға көшуге дайын екені көрсетіп жатқаны қуантады. Олар халықаралық марапаттарға ие болып жатыр», – деді кеңес төрайымы.

Орнықты даму қағидаттарын енгізу халықаралық нарықтарға шығуға және шетелдік әріптестермен жұмыс істеуге мүдделі кәсіпорындар үшін барған сайын қажет болып жатыр. Инвесторлар ESG рейтингін ұйымның экологиялық, әлеуметтік және өнеркәсіптік жауапкершілік деңгейін, сондай-ақ қалдықтарды басқару саясатының тиімділігін көрсететін ықтимал тәуекелдерге төзімділігінің көрсеткіші ретінде қарастырады.

«Әлеуетті инвесторлар мен қаржы институттары тұрақты даму саласындағы қаржылай емес есептілікке көп көңіл бөледі. Ұйым қандай әлеуметтік жобаларды дамытып жатқаны, қандай көміртегі ізін қалдыратыны және қатысушы өңір тұрғындары алдында қандай жауапкершілік атқаратыны маңызды»  - деп толықтырды ESG кеңесінің төрайымы.

Қалдықтарды басқару саласында жұмыс істейтін «West Dala» ЖШС ESG рейтингін алған алғашқы компания болды. ЖШС мұнай-газ саласындағы ұйымдарға, сауда және халыққа қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарға, сондай-ақ медициналық ұйымдарға қалдықтарды басқару бойынша кешенді қызметтер көрсетеді.

«West Dala» ЖШС корпоративтік даму жөніндегі директоры Диас Хабиев компанияның ESG қағидаттарын өз саясатына енгізу жолы туралы айтып берді.

«West Dala» ЖШС 2005 жылдан бастап қалдықтарды кешенді басқарумен айналысады. Біздің қатысуымыз негізінен Қазақстанның батыс  өңірінде шоғырланған. Компания Қазақстандағы лидерлердің бірі ретінде ESG трансформациясынан өз еркімен өту туралы шешім қабылдады. Коммерциялық қызметтер мен жеткізілімдер секторындағы қорытынды процентиль 78 құрады. Бұл көрсеткіш компанияны сектор арасында халықаралық лидерлер деңгейіне шығарады», – деді Диас Хабиев.

Талқылауда саладағы тарифтік және салық саясатының түйткілді мәселелері, кәсіпкерлерді субсидиялау және материалдық қолдау мәселелері де қозғалды.

Мұнай-газ секторы және экология департаменті директорының орынбасары Адина Қарымсақ «Атамекен» ҰКП, «KazWaste» қауымдастығы мен бизнестің сала проблемаларын шешу және оны одан әрі дамыту үшін бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті.

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер