astana-view

«Күшіміз бірлікте»: «Атамекен» қазақстандықтарды тасқыннан зардап шеккендерге көмектесуге шақырды

2024 жылғы 02 Сәуір
5741 просмотров

Еліміздің түкпір-түкпіріндегі кәсіпкерлер мен қарапайым азаматтар су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлер үшін «Күшіміз Бірлікте» – «Сила в единстве» Қорына қаржылай көмек жолдауда

Қордың миссиясы – зардап шеккен бизнеске көмек беруде кәсіпкерлер мен барлық қамқор азаматтың күшін біріктіре отырып, шағын және орта бизнесті қолдау.

«Күшіміз Бірлікте» – «Сила в единстве» 2022 жылдың қаңтарында алматылық кәсіпкерлердің бастамасымен талан-таражға түскен және жойылған кәсіпкерлік субъектілеріне көмек көрсету мақсатында құрылған болатын.

Дегенмен, аталмыш бастама қазақстандықтар тарапынан одан әрі де қолдау табуды жалғастырды. 2023 жылдың ақпан айында Қор Түркия мен Сирияда 50 мыңнан астам адамның өмірін қиған күшті жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек ретінде шамамен 72,7 миллион теңге жинады.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы су басқан кәсіпорындарды қалпына келтіруге үлес қосуды көздеп отыр. Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге көмек ретінде ұйымның барлық қызметкерлерінің бір күндік жалақысын жіберу туралы бірауыздан шешім қабылданды.

Сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП-да 1432 call-орталығы жұмыс істейтінін еске сала кетейік. Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпорындар байланыс орталығына хабарласып, кеңес ала алады.

 

 «Күшіміз Бірлікте» Қорының реквизиттері:

БСН 220140002583;
"Банк ЦентрКредит" АҚ-ның ағымдағы шоты: KZ268562203115072353;
"Банк ЦентрКредит" АҚ-ның реквизиті:
БСК/БИК (SWIFT) KCJBKZKX
БСН/БИН 980741000260 КНП 119


Еншілес ұйымдар

Серіктестер