astana-view

Қызылордалық бизнес өкілдері су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау білдірді

2024 жылғы 03 Сәуір
- Қызылорда облысы
4732 просмотров

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының «Іскер әйелдер кеңесі» мүшелері кеңес төрағасы Наталья Мишукованың бастамасымен су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының «Іскер әйелдер кеңесі» мүшелеріне материалдық қолдау білдірді. Аталған қаржы резеңке қайық, етік және еріктілерге азық-түлік алуға жұмсалады.

Сонымен бірге, Наталья Мишукова Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығы Қызылорда облыстық филиалының төрайымы ретінде де барлық өңірлерде көтеріліп жатқан бастамаға қосылып, қауымдастықпен бірге Ақтөбе облысына қаржылай көмек білдірді.

«Халықтың ауызбіршілігі осындай қиын-қыстау сәттерде байқалады. Біздің «Іскер әйелдер кеңесінің» республика бойынша бірлігі бекем. Осы себепті, су тасқыны орын алған өңірлердегі әріптестерімізден келіп жеткен суреттер мен видеоларды көре тұра, біз мәселеге бей-жай қарай алмадық. Барша белсенді әйелдер бір ауыздан шешімге келіп, Орал қаласына көмек беруді ұйғарды. Сондай-ақ, «Үздіксіз білім беру қауымдастығы» да өз кезегінде апаттан зардап шеккен облыстарға барынша қол ұшын созды. Барлық облыс орталығындағы филаилдарының мүшелері көмек беруге жаппай атсалысты. Мен өзімнің осындай ұйымдардың мүшесі болғанымды мақтан тұтамын. Бұндай қатер елімізде енді қайталанбасын деп тілеймін» деді Наталья ханым.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі


Еншілес ұйымдар

Серіктестер