astana-view

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың лицензиясын тоқтату қаншалықты заңды?

2024 жылғы 08 Сәуір
3138 просмотров

«Атамекен» ҰКП мамандары энергиямен жабдықтаушы бірқатар ұйымның лицензиясын тоқтата тұру фактісі дұрыс емес деп санайды.  Бұл мәселе қосымша зерделеуді, сондай-ақ энергетика нарығымен кеңінен талқылауды талап етеді

 

«Атамекен» ҰКП энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың лицензиясын тоқтата тұру және электр энергиясымен жабдықтау функцияларын тек қана кепілді өнім берушілерге беру туралы хабарламалар келіп түскен алғашқы күндерден бастап бизнес-қоғамдастықпен тікелей байланыста.

 

 Ұлттық палатаның 1432 байланыс орталығына түскен барлық өтінім қаралады.  Өңірлік кәсіпкерлер палаталарына энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, ШОБ тұтынушыларынан да жазбаша өтініштер келіп түседі. Өтінімдер жиналып, жалпы материалдарға тіркеледі.

 

«Атамекен» ҰКП мамандары бірқатар лицензияның қолданылуын тоқтата тұру фактісін энергетика саласындағы компаниялармен қосымша зерделеу және кеңінен талқылауды қажет деп санайды. ҰКП орталық аппараты ұйымдастырушылық және заңдық сипаттағы барлық қажетті шараны қабылдап жатыр.

 

Бұл мәселе бойынша ҰКП тарапынан Энергетика министрлігінің «Электр энергетикасы туралы» және «Жылу энергетикасы туралы» заңдарының жобаларына теріс сараптамалық қорытынды берілді. Жоба әзірлеуші бұған қатысты ҰКП қорытындысын қабылдамайтынын хабарлады және Парламент Мәжілісіне «Электр энергетикасы туралы» Заңға тиісті өзгерістер жіберді.

 

«Атамекен» ҰКП бұл ретте Ұлттық экономика министрлігі электр энергиясының бөлшек сауда нарығынан энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды іс жүзінде алып тастау бойынша қабылдап жатқан шаралардың заңдылығын тексеру туралы Бас прокуратураға өтініш жолдады.

 

«Қазақстандық энергиямен жабдықтаушы ұйымдар қаумдастығы» ЗТБ тарапынан Мемлекет басшысының атына, үкімет басшылығына және мүдделі министрліктерге бірқатар өтініштер жолданды.

 

Ұлттық палата энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың проблемасын шешуге жәрдемдесуге ниетті. Өйткені Палата кәсібін адал жүргізетін және бәсекеге қабілетті бизнесті жақтайды, сондай-ақ барлық бизнес субъектімен тығыз ынтымақтастықта.

 

Орын алған ситуацияны шешу үшін «Атамекен» ҰКП туындаған жағдай шешілгенге дейін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетін кепілдік беретін энергия жеткізушілерімен бірлесіп дағдарыс жағдайында әлеуметтік маңызы бар өнімдер мен тауарларға тарифтерді төмендету мүмкіндігін қарастыруға шақырады.

 

Сонымен қатар, Палата бұл мәселені түйткілді мәселелер тізіліміне енгізе отырып, осы жүйелік проблеманы бірнеше рет ел Үкіметі алдында көтерген болатын. «Атамекен» ҰКП  энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың проблемасын Палата алаңында талқылауға шақырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер