astana-view

Талдықорғанда тәлімгерлік мектебі аясында семинар өтті

2024 жылғы 16 Сәуір
- Жетісу облысы
5736 просмотров

Жетісу облысының 21 кәсіпорнының өкілдері өндірісте дуальды оқытуды ұйымдастыру мен өткізуге қатысты екі күндік семинарға қатысты. Іс-шараға 46 маман тардылды.

Семинар Талдықорған қаласының индустриялық колледжі қабырғасында өтті. Спикерлер ретінде Германияның Трир қаласында халықаралық дайындықтан өткен тәжірибелі мультипликатор – жаттықтырушылар Ләзат Шонаева мен Инна Региль шақырылды.

Жаттықтырушылар қарым-қатынас орнату және тәлімгерлік дағдыларды қалыптастыруға қатысты тәжірибелерімен бөлісті. Бұл білім кадр саясаты мәселелерін сауатты және жедел шешуге, соның ішінде кадрлар ағымының алдын алуға және қызметкерлердің әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Материал слайдтар, презентациялар, кино мен мультфильмдер арқылы ұсынылды, бұл - қолайлы, мейірімді атмосфераны құруға мүмкіндік берді.

Оқыту іс-шарасына өңдеу өнеркәсібі, коммуналдық қызмет көрсету, тамақ өнеркәсібі, қоғамдық көлік, ауыл шаруашылығы, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету саласының қызметкерлері қатысты.

Семинар тыңдаушылары оқудан өткеннен кейін тәлімгерлердің сертификаттарын алды. Сонымен қатар, олардың деректері «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы тәлімгерлер тізіліміне енгізілді.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Дәурен Оңалбаев атап өткендей, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанындағы тәлімгерлік мектебі алты жылдан бері жұмыс атқарады, соның аясында кәсіпорын қызметкерлері үшін осындай оқыту семинарлары өткізілуде. Тәлімгерлік мектебі - бұл кәсіпорындардың мамандарын, «Дуальды оқытуды енгізудің жол картасына» қатысушыларды анықтау, қолдау және көтермелеу мақсатында құрылған бірегей жоба.

«Біз бұл семинар нәтижесінде, табысты жаттықтырушылар бөліскен білімді тәлімгерлер іс жүзінде қолданады деп үміттенеміз. Ол өз кезегінде дуальды оқытудың сапасына оң әсер етеді», — деп қорытындылады Дәурен Оңалбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер