astana-view

Тау-кен металлургия саласын дамыту стратегиясы ел экономикасының өсуіне қызмет етеді – сарапшы

2024 жылғы 18 Сәуір
7156 просмотров

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Бижанова елордада өткен MINEX Қазақстан 14-ші тау-кен геологиялық форумының жұмысына қатысты.

Форумның басты тақырыбы «Қоғам мен қоршаған орта игілігі үшін тау-кен өндіру саласын тұрақты дамыту».

«Атамекен» ҰКП жыл сайынғы MINEX форумының стратегиялық серіктесі.  Оның алаңында тау-кен металлургия кешенін (ТМК) салалық ұйымдар және шетелдік сарапшылармен одан әрі дамыту перспективалары талқыланып қана қоймай, ТМК саласының неғұрлым өзекті мәселелері бойынша шешімдер ұсынылады.

 «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Бижанова форумда ТМК-дағы қазақстандық қамтуды арттыру перспективалары туралы айтты. Сонымен ұатар спикер Үкіметтің ТМК-дағы қазақстандық қамтудың үлесін арттыру және жер қойнауын пайдаланушылар мен тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді отандық өндірушілер арасындағы ынтымақтастықты күшейту жөніндегі ағымдағы саясатына байланысты мәселелерді көтерді.

 Спикер форумға қатысушыларға Қазақстан Үкіметі экономиканың базалық салаларындағы, атап айтқанда тау-кен металлургия саласындағы қазақстандық қамту үлесін арттыруға бағыт алғанын еске салды. Бұл қадам отандық тауар өндірушілермен табысты ынтымақтастықтың көрсеткіші. Гүлнар Бижанова ішкі мәселелер, отандық заңнама және елішілік құндылықтың дамуы мен өсуіне назар аударды. Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП мемлекет пен бизнестің диалог алаңы. Мемлекет, Үкімет және Парламентпен заңнамалық жиналыста Ұлттық палата бүкіл бизнес атынан әмбебап серіктес және кешенді тереңдетілген сараптама органы ретінде әрекет ететінін атап өтті.

 ҰКП өкілі ТМК саласындағы ірі бизнес кәсіпорындарының мысалдарын келтірді, олардың тәжірибесі отандық өндірушілермен табысты ынтымақтастықтың мысалы болып отыр.

Мәселен, «Қазмырыш» ЖШС-да 10 жылдан астам уақыт бойы қазақстандық қамтуды дамыту бойынша арнайы кеңсе жұмыс істейді. Өткен жылдың соңында отандық өндірушілерден ТЖҚ сатып алу сомасы шамамен 360 млрд теңгені құрады, ал шағын және орта бизнестің ұзақ мерзімді шарттардың құны 86 млрд теңгені құрады.

 «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кейінгі он жылда тауар, жұмы, қызметті сатып алуда қазақстандық қамту үлесін екі есеге арттыра алды және бүгінде олар 69%-ды құрайды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша отандық тауар өндірушілерден ТЖҚ сатып алу сомасы 401 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш отандық тауар өндірушілермен ынтымақтастықтың тиімділігін көрсетеді. Компания Қарағанды облысында шаржаймалау зауытын салу бойынша «VTM-KZ» ЖШС және «PES GLOBAL» ЖШС-мен 12 млрд теңге сомаға бірлескен жобаларды іске асырып жатыр. Бұл қазақстандық қамту үлесін 12 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Іске асыру сатысында Pressen компаниясымен роликтерді өндіру жөніндегі жоба, бұл да қазақстандық қамту үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді.  

2023 жылы «Еуразиялық Топ» ЖШС компаниясы отандық өндірушілерден 855 миллиард теңге сомаға ТЖҚ сатып алды. Бұрын Қазақстанда 12,5 млрд теңге сомасына өндірілмеген экскаваторлар, дизель-генераторларға қосалқы бөлшектер өндіру бойынша «Format Match Company» ЖШС кәсіпорнымен оффтейк-келісімшарттар жасалды

Қарағанды облысында «Қармет» АҚ қарқын ала бастады. Өткен жылы 90 млн теңге сомасына отандық өндірушілерді қолдау бойынша меморандумдар жасалды, тізбеде 56 кәсіпорын, олар комбинат пен шахтаға ТЖҚ жеткізетін болады.

«Атамекен» ұлттық палатасы мемлекеттік органдар, ТМК және отандық кәсіпорындарымен қазақстандық қамтуды арттыру бойынша жұмысты ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Өткен жылы Ұлттық палата өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, «Қазақстандық қамту 2.0» халықаралық форумын өткізді. Сол жерде форумда ТМК компаниялары отандық өндірушілермен 50 млрд теңгеден астам сомаға оффтейк-келісімшарттар мен меморандумдар жасасты», - деп атап өтті Гүлнар Бижанова.

Сондай-ақ инвестициялық жобалардың интерактивті картасы әзірленді. Бұл  инвестициялық жобалардың іске асырылу мәртебесін мониторингілеуге және Қазақстанның қалалары мен өңірлері бөлінісінде инвестордың проблемаларын жедел шешуге арналған цифрлық платформа.

«Қазақстандық қамту үлесін ұлғайту, ТМК жанындағы отандық өндірістердің өсуі жөніндегі мемлекеттік бастамалар бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан компаниялардың кен орындарындағы сарқылатын қорларды ескеруі тиіс. Мұндай жағдайларда әкімшілік қысым қажетті нәтиже бермейді.

Осыған байланысты Палата Үкіметке сарқылып жатқан кен орындары бойынша әлеуметтік-экономикалық ұзақ өмір сүрудің орнына салықтық жеңілдіктер, салықтық жеңілдіктер преференциялары, инфрақұрылымға қол жеткізу арқылы ШОБ белдеулерін құруды ынталандыруды ұсынып отыр. Қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бізді парламентшілер қолдайды. Мемлекеттік бағдарламалар мен заңдарда компанияларға мүдделердің өзара теңгерімінде отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша жұмысты жалғастыруға мүмкіндік шараларын көреміз деп үміттенеміз», - деді спикер.

 Сондай-ақ, Қазақстанда өндірісті локализациялау жаңа технологиялар мен озық білімсіз мүмкін еместігі атап өтілді.

Осы тезисті қолдау үшін Kaz Minerals компаниялар тобының технологиялар трансферті тәжірибесі келтірілген. Осыған орай компаниямен бірлесіп:

- FLSmidth Қарағандыда шахталарға арналған жабдықтарды жөндеу және қалпына келтіру жүзеге асырылатын цех ұйымдастырылды;

- Weir Minerals: футерлеу цехы іске қосылды, жабдықты ыстық гуммирлеу бойынша автоклавты пеш іске қосылды. Сорғы жабдықтарын құрастыру және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Халықаралық стандарттарға сәйкес мамандар оқытылды;

- Borusan: Қарағандыда Borusan сервистік кәсіпорны жұмыс істейді, онда самосвалдар, эсковатор, суару цистерналары үшін шанақтар өндіріледі, сондай-ақ тау-кен-шахта жабдықтары қалпына келтіріледі.

 Ірі компаниялар –  Қазақмыс, ENRC, Қазминералс, Қазминералс тәжірибесі мысалға келтірілді.

Технологиялар трансфертін ынталандыру үшін Ұлттық палата ұлттық даму институттары арқылы осындай жобаларды қаржыландырудың басым тәртібі бойынша ұсыныстарды ілгерілетеді. Бұл шара халықаралық компаниялармен бірлескен жобаларды іске асыру үшін инвестициялық тартымдылықты арттыруға мүмкіндік береді.

  «Қазақстанда жаңа өндірістер құру және қайта бөлуді ұлғайту үшін қажетті база бар. Бірақ мен мемлекеттік жүйеде тау-кен металлургия саласын дамыту стратегиясының болмауы мәселесін қайта көтеремін. Экономиканың капиталды көп қажет ететін саласында бұл мәселе ұзақ мерзімді саясатты қалыптастыруға, компаниялардың ұзақ мерзімді бизнес-модельдерін, өндірістерді локализациялау жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарларды және қазақстандық өндірушілермен бірлескен жобаларды құруға, қолданбалы бағыттардағы адами капиталдың өсу нүктелеріне, экономика құрылымының өзгеруінен мультипликативтік әсерді бағалауға айтарлықтай кедергі келтіреді.

Бұл кезеңде мемлекет пен бизнес ел экономикасының одан әрі өсуіне байланысты маңызды стратегиялық құжатты әзірлеуге күш салуы керек екені айқын.

Ұзақ мерзімді модельдердегі барлық деталь біріккенде отандық тауар өндірушілермен ынтымақтастық ТМК үшін жаңа тыныс болады және саланың, ең алдымен, Қазақстан халқының көз алдында жоғары маңызын түпкілікті бекітеді. Халық өзінің жер қойнауына, пайдалы ресурстарға құқығын бекіткен 22 жылы қабылданған конституциялық қағидаттың қайтарымын күтіп отыр», - деп түйіндеді Гүлнар Бижанова.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер