astana-view

Саябақ кәсіпкерлері Тараз қалалық әкімдік қызметкерлеріне шағымданды

2024 жылғы 24 Сәуір
- Жамбыл облысы
2852 просмотров

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында  Тараз қаласының Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябағында балалар ойын аттракциондары саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлердің ұжымдық өтініші қаралды. Палатаға 20-ға жуық кәсіпкерден арыз-шағым келіп түсті.

Жиынға Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымтаев, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары  Сұлтанқұлова Ляззат  және бас маманы  Ережепов Нұржан, «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ-нің бас маманы  Бекниязов Нуржан, «Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылыс бөлімі» КММ-нің сектор меңгерушісі Сапарбеков Нурболат, «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-нің шұғыл басқару секторының меңгерушісі Карибаев Мұрат, «Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» КММ-нің басшысы Умирбаев Абылайхан, «Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» КММ-нің сектер бөлімінің меңгерушісі Турарова Самал, «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-нің оңалтуды басқарушысы Абишев Азамат және Тараз қаласы прокуратурасының бөлім аға прокуроры Кожабек Талгат.

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Мейірхан Бекпенбетов тақырып аясында баяндама жасады.

«Кәсіпкерлер жергілікті билік емін-еркін жұмыс істеуімізге кедергі келтіруде», – деп наразылықтарын білдірді. Атап айтқанда, қалалық әкімдік мамандары, учаскелік инспектор келіп айыппұл саламыз деп ескертеді екен. Кәсіпкерлер заң аясында кәсіптерін дөңгелете беруге, салықтарын төлеуге дайын, тек қысым көрсетілмесе екен дейді.

Өз кезегінде Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаилдың нұсқауымен қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта конкурсқа шығарылатын жер телімдері бойынша, қала тұрғындарына қызмет көрсетіп жүрген кәсіпкерлерге қажетті құжаттарды әзірлеп, рәсімдеуге ықпал етіп көмек көрсету ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер