astana-view

Ұлттық палатада жаңа бизнес-омбудсменді таныстырды

2024 жылғы 29 Сәуір
7325 просмотров

ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Әсет Ерғалиев «Атамекен» ҰКП басқарма мүшелеріне Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі жаңа уәкіл Қанат Ильич Нұровты таныстырды. Бұған дейін бұл қызметті Жүрсінов Рустам Манарбекұлы атқарған болатын. 

Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Нұров Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды. Ол бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты болған. Отандық және халықаралық ірі компаниялардың басшылық лауазымдарында қызмет еткен Қ. Нұровтың менеджмент саласында жұмыс тәжірибесі мол.

Жиында Әсет Ерғалиев Рустам Жүрсіновтің кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүддесін қорғау ісіне елеулі үлес қосқанын атап өтіп, атқарған жұмысы үшін Мемлекет басшысының атынан алғыс хат табыс етті.

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов Қанат Нұровты жаңа қызметімен құттықтап, Рустам Жүрсіновке ел экономикасы үшін атқарған сүбелі еңбегі үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, Р. Баталов алдағы уақытта да аталмыш сала бойынша жемісті жұмыстар жалғасатынына сенім білдірді.

Айта кетейік, Қанат Нұров Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ді (қазір ҚазҰУ) «Тарих» мамандығы бойынша тәмамдаған, 1992 ж.), 1992-1995 жылдары тарих ғылымдарының кандидаттығына ізденуші (Ph.D); 2010-2013 жылдары AlmaU (Алматы қ.) және РФ Президенті жанындағы РАНХиГС (Мәскеу қ.) DBA (Doctor of business administration); 2011-2012 жылдары Бірыңғай медиация және бітімгершілік орталығының кәсіби мүшесі (куәлігі №011). Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік біледі. «Қазақстанның құқықтық және экономикалық жаңғыруы», «Қазақстан: ұлттық идеялар мен дәстүрлер», «ҚР білім беруді дамыту саясаты» ақпараттық қоғам-2030» кітаптарының және басқа да бірқатар еңбектердің авторы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер