Қазақстанда құбыр өндірушілер қауымдастығы құрылуы мүмкін
Астанада полимер құбыр жүйелерін дамыту жолдарына арналған дөңгелек үстел өтті.
Жиынның күн тәртібі полимер материалдарды қолдану және сапасыз өнімді қолдануды шектеу есебінен Қазақстанның құрылыс және ТКШ құбыр жүйелерінің қызмет ету мерзімін ұлғайту механизміне бағытталды.
Қазақстанда 2030 жылға қарай құрылыс және инфрақұрылымдық жобалар тарапынан құбыр жүйелеріне сұраныстың өсуі күтілуде. Gartner Consulting бағалауы бойынша құрылыстың жыл сайынғы өсуі 1,5%, ал тұрғын үй қорының өсуі 2030 жылға қарай 22% болуы мүмкін. Газбен қамту деңгейі 30%-дан аспайтын елдің солтүстік-шығысындағы газдандырылмаған өңірлерде газ тарату желісін белсенді тартылып жатыр. Осылайша сыртқы құбыр желілерінде полимерді тұтыну – сумен жабдықтау және су бұру, газ және жылумен жабдықтау – екі есеге өсіп, жылына 160 мың тоннадан асады. Үй ішілік құбырларда полимерлерді тұтыну жылына 30%-ға 42 мың тоннаға дейін, мелиорацияға арналған құбырларда жылына 2,1 есе 72 мың тоннаға дейін өсуі болжанады.
Полимерден жасалған өнім жоғары төзімділікке ие және дәстүрлі материалдармен салыстырғанда көміртегінің бөлінуі төмен. Полиэтилен құбырларды қолдану арқылы құбыр жүйелерінің қызмет ету мерзімі бірнеше есе артады, оларды тарту құны төмендейді және орнату жылдамдығы өседі. Полимер құбырлардың агрессивті ортаға жоғары төзімділігін атап өткен жөн. Бұл апат деңгейін төмендетеді және бүкіл жарамдылық цикл бойы құбыр жүйелерінің тиімділігіне оң әсер етеді.
Қазіргі кезде Қазақстанда тұтынылатын полимер құбырлардың едәуір бөлігін жергілікті қайта өңдеушілер, 90-ға жуық компания өндіреді. Дегенмен құбырларды өндіруге арналған шикізат – полиэтилен импортталады. Полимер құбырлардың сапасын бақылау пайдаланылатын шикізатқа қойылатын талаптарды нақты сипаттайтын стандарттардың болмауымен шектеледі.
Қазақстанда өндірілетін құбырлардың белгілі бір пайызы фальсификат деп бағаланады. Құбыр жүйелерінің бір бөлігі дайын өнімді экструзиялау процесінде күйе қосу арқылы жасалады. Құбырларды өндіруде қолданылатын полиэтиленнің белгілі бір пайызы өнімнің осы түріне жарамсыз маркаларына жатады. Осылайша, құбыр жүйелерінің сыртқы әсерге төзімділігі (соққыға төзімділігі) төмендейді және нәтижесінде аралық жөндеу жұмыс мерзімі мен құбырлардың қызмет ету мерзімі қысқарады.
Дөңгелек үстел барысында «Атамекен» ҰКП Өңдеу өнеркәсібі департаментінің директоры Асқар Алмат айтуынша, полимер құбыр жүйелері нарығының дамуы отандық тауар өндірушілерді дамыту арқылы жүзеге асады.
Дөңгелек үстел аясында қатысушылар Қазақстанның мемлекеттік органдарында өндірушілердің мүддесіне өкілдік ету үшін салалық қауымдастық құру мүмкіндігін талқылады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: