astana-view

Семейдегі дәріханалардың иелеріне дәрілік заттарды міндетті таңбалау шарттары түсіндірілді

2024 жылғы 04 Мамыр
- Абай облысы
5739 просмотров

Абай облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті, «Қазақтелеком» АҚ өкілдері және дәріхана басшыларымен кездесу өтті. Жиында Қазақстандағы медициналық препараттарды міндетті таңбалау талқыланды. Еске салсақ, бұл жаңалық осы жылдың бірінші шілдесінде күшіне енеді. Бұған дейін фармацевтикалық ұйымдарына түсіндіру жұмыстары ZOOM-конференциялар режимінде жүргізілді. Мұндай кездесулер кәсіпкерлерді ақпараттық қолдау үшін тұрақты негізде өткізілетін болады.

 Таңбалау шарттарын түсіндіру барысында туындауы мүмкін проблемалар талқыланды.

Қазіргі кезде Семейдегі 5 дәріхана қоймасынан «Аманат» ЖШС филиалы, «МЕДСЕРВИС ПЛЮС» КФК ЖШС ҚФ филиалдарының 2 қоймасы жабдықталған. Қалған екі қойма дайындық үстінде.

Абай облысының дәрілік заттарды сатудың бөлшек сауда желісінде таңбалауды тез енгізуге кедергі болып отырған мынадай қиындықтар туындайды:

 1. Бағдарламаны орнату үшін бағдарламашы маманы қажет, есеп жүйесімен интеграция қажет.

2. Кассаға арналған мобильді қосымшасы бар 2D сканер немесе жеке телефон қажет. Бұл  шара өз кезегінде клиенттер ағыны кезінде жұмысты қиындатады.

3. Дәріханалар желісіндегі деректерді оқу терминалы құны бойынша 110-990 мың теңгеден басталады.

4. Аудандардағы интернеттің нашар болуы.

5. Компьютерлердің болмауы.

6. Дәріхана қызметкерлері пайдаланатынуы үшін өз ЭЦҚ-сын заңды тұлғаға пайдалануға келіспеушілік.

7. Өнімді соңғы тұтынушыға сатудағы қиындық (қаптаманы бөлу (блистермен сату), қарызға сату (елді мекендерге тән құбылыс).

 «Ең алдымен, шалғай аудандардағы интернет байланысы мен жылдамдығын тексеру қажет. Өйткені онсыз міндетті таңбалауды енгізу мүмкін емес. Абай аудандарының әкімдіктерімен бірлесіп мониторинг пен түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, - деді ӨКП салалық даму және жобаларды сүйемелдеу бөлімінің бастығы Рахмет Адамбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер