astana-view

Бизнесті қорғау басымдықта: Абай облысында дөңгелек үстел өтті

2024 жылғы 21 Мамыр
- Абай облысы
5711 просмотров

Облыстық сот алаңында бизнесті қорғау тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары, Абай облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Мақсат Сүйшінов, облыстық прокуратура, қала әкімі аппараты, Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Абай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотыев кәсіпкерлік субъектілерінен 64 талап-арыз келіп түсті. Соның ішінде 71-і жабылды, 39-ы бойынша шешім шығарылды, 22-сі қанағаттандырылды, 34-і кері қайтарылды. Бірінші тоқсан бойынша талаптардың қанағаттандырылуы 70% - дан асты, мамырға дейін 56%-ға дейін төмендеді. Әкімшілік талап-арыздар бойынша 5 жеке ұйғарым шығарылды, жалпы сомасы 504 780 теңгеге 4 ақшалай өндіріп алу салынды.

«Талаптарды қарау кезінде біз ҚР Әкімшілік-рәсімдік іс жүргізу кодексінде белгіленген барлық қағидат, соның ішінде шамаластық қағидатын және «сенім құқығын қорғау» қағидатын қолданамыз. Кәсіпкерлердің құқығын бұзудың көптеген мысалы бар. Сонымен қатар істің бәрі сотқа жете бермейді. Бизнесті қорғау басымдыққа ие», - деді облыстың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Назгүл Мұқашева.

Талқылау барысында қатысушылар бизнесті қорғау бойынша кейстердің бірін талдады. Назгүл Мұқашеваның айтуынша, жеке кәсіпкерге тегін үйірмеге грант беруден бас тартылған, қызмет ақысын төлеу бойынша байқауды Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы өткізген.  Кәсіпкердің өтініші басқарма басшылығының өзгеруіне, соныменг қатар диплом дұрыс қойындыға салынбауы себепті қаралмаған. Бұл ретте, қағидаларда қандай жағдайларда өтінімдер қабылданбауы мүмкін екені нақты жазылған. Айқын бұзушылық байқалды. Мемлекеттік орган заң бұзылғанын бірден мойындады және сот шешімімен талап-арыз қанағаттандырылды. Сот заң  бұзушыларды жауапқа тартты.

Бұған дейін бұл мәселе Абай облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте көтерілді. Онда зардап шеккен тарап пен мемлекеттік органдардың қатысуымен болған оқиғаның себептері мен мәселені шешу жолдары талқыланды.

Бүгінгі таңда Абай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына тағы 4 ұқсас талап-арыз келіп түсті.

«Бизнес мүддесін қорғау – кәсіпкерлер палатасы жұмысының басты бағыттарының бірі. Мысал ретінде өткен жылдың жағдайын келтіремін: біз облыстық прокуратурамен бірлесіп 6 млрд теңгеден астам сомаға инвесторлардың құқығын қорғадық. Сотқа үшінші тарап ретінде Палатаның заңгерлерін сот процесіне тарту үшін процеске қатысушылар мәлімдеген өтініштерді қанағаттандыру туралы өтініш білдіргім келеді, Өйткені біз сараптамалық объективті пікір береміз және егер істі қарау кезінде кәсіпкердікі дұрыс деп тапсақ, ол Палата тарапынан жан-жақты қолдауға үміттене алады», - деді облыстың Кәсіпкерлер палатасының директоры Мақсат Сүйшінов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер