astana-view

«Атамекен» ҰКП өкілі Тау-кен металлургия кешені техникасын жөндеу орталығымен танысты

2024 жылғы 14 Маусым
2073 просмотров

Бүгін Басқарма мүшесі – Төралқа төрағасы хатшылығының басшысы Мұрат Қарымсақов Қарағанды қаласындағы «Borusan Cat Қазақстан» компоненттерді қалпына келтіру орталығының қызметімен танысты.

Кәсіпорын отандық жер қойнауын пайдаланушыларға сервистік қолдау, шөміш өндіру, тау-кен техникасын күрделі жөндеу бойынша қызмет көрсетеді.

Айта кетсек, Қарағандыдағы бөлім 2011 жылы ашылып, Қарағанды облысынан басқа Шығыс Қазақстан және көрші өңірлермен де жұмыс істейді. Кәсіпорын технологиялық болып табылады, көптеген цехтар мен диагностика жасайтын зертханасы бар.

Кәсіпорынның жұмысын 450-ден астам қызметкер қамтамасыз етеді. Олардың ішінде 250 адам –  инженерлер мен техниктер.

Caterpillar компаниясы орталықтың тазалықты бақылау қызметін «5 жұлдыз» деп бағалады. Бұған қоса, кәсіпорын «Hardox in my Body» бағдарламасына қатысушы мәртебесін алған ТМД-ның бірнеше компанияларының бірі. Бұл – өнімнің әлемдік сапасының кепілі.

Мұрат Қарымсақов кәсіпорынның қызметін зерттей келе, бұл орталық тау-кен металлургия саласында үздік болып табылатынын және соңғы 12 жылда өндірісті оқшаулауда үлкен жұмыс атқарғанын атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер