astana-view

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның жаңа тарифтік саясаты отандық тауар өндірушілердің мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін

2024 жылғы 17 Маусым
6668 просмотров

Дереккөз: Дмитрий Лисин / lissin.kz

13 маусымда «Атамекен» ҰКП-да «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның жаңа тарифін әзірлеу үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдерімен және PWC кеңесшілерімен мемлекеттік органдар, бизнес (тау-кен металлургия кәсіпорындары, тасымалдаушылар, агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындары бірлестіктерінің өкілдері және т.б.) арасында кездесу өтті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлері бизнес-қоғамдастықтың назарына кірістер мен шығыстарды бөлек есепке алу әдістемесін әзірлеу, МТЖ қызметтеріне тарифтерді белгілеу және іске асыруға ілеспе нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін конкурстық рәсімдерден кейін анықталған PWC кеңесшілер тобын ұсынды.

«Атамекен» ҰКП және салалық бірлестіктер «ҚТЖ» ҰК» АҚ МТЖ қызметтеріне жаңа тарифтік саясатын әзірлеу бойынша Жол картасын қарауға алды.

Талқылау барысында жиынға қатысушылар техникалық тапсырмада қандай міндеттер қойылғаны, оның ұлттық экономиканың мүддесі қалай көрініс тапқаны туралы дәлелді жауаптар алмағандарын атап өтті.

Сонымен бірге, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қолданыстағы № 10-01 прейскуранттың орнына МТЖ қызметтеріне жаңа прейскурант әзірлеу қажеттігін, оған сәйкес тасымалдау ішкі және экспорттық тасымалдарда жүзеге асырылып,  транзиттік тасымалдау ескеріліп, отандық жүк жөнелтушілер есебінен МТЖ желілік инфрақұрылымын дамыту қамтамасыз етілетінін айтты.

Айта кету керек, ҚР Көлік министрлігінің дерегі бойынша 2023 жылдың аяғында Қазақстанда теміржол көлігімен транзиттік тасымалдау көлемі 20 пайызға өсті, бұл министрліктің көлік инфрақұрылымына қосымша салмақ түсіреді.

Facebook/@railways.kz

Сондықтан жаңа тарифтік әдістемені қалыптастыру тәсілдері тек экспорттық, импорттық және ішкі тасымалдауды ғана емес, сонымен қатар қазіргі уақытта реттелмеген және «ҚТЖ» ҰК» АҚ рентабельділігінде елеулі және тұрақты үлес алатын ұлттық оператордың транзиттік әлеуетін де ескеруі тиіс.

Осыған байланысты бизнес-қоғамдастық «ҚТЖ ҰК» АҚ-ның кірістері біртұтас ұйым ретінде Дүниежүзілік банктің ұсынымына сәйкес «бірыңғай касса» қағидаты бойынша құрылуы керек.

Сондай-ақ, жүк түрлері бойынша тарифтерді саралаудан бас тартуға жол бермеу туралы ұстаным айтылды.

Әлемдік тәжірибеде кез келген нарық үлгісінде жүк түрі бойынша сараланған баға белгіленеді. Темір жол тарифі әрқашан тиімді сұранысқа байланысты. Қымбат (дайын өнім) және арзан (шикізат) тауарлар ешқашан бірдей тарифпен тасымалданбайды.

Қазақстанда темір жол көлігі өндірістік инфрақұрылымның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Теңізге шыға алмайтын ортада және автомобиль жолдарының жеткіліксіз даму жағдайында теміржол арқылы жүк тасымалы тарифтері тек салалардың ғана емес, жалпы экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне әсер етеді.

Ұлттық теміржол компаниясының ықпалымен, тұтынушылардың мүддесі ескерілмей қабылданатын біржақты шешімдердің салдары жүк жөнелтушілерге,  темір жолдың өзіне де кері әсер ететіні анық.

Тарифтік құрылымның бұзылуы (оған сәйкес сусымалы жүктерді тасымалдауға тарифтер айтарлықтай өседі) қазіргі күрделі геосаяси жағдайда қазақстандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін жоғалтуға әкеледі.

Бұл қазақстандық экспорттаушылардың әлемдік нарықтағы позициясын айтарлықтай әлсіретеді және ЕАЭО-ның басқа мемлекеттерінің өндірушілерімен салыстырғанда оларды кемсітеді. ЕАЭО-ның барлық елдерінде және ҚР көршілес елдерде жүк түрлері бойынша тарифтерді саралау бар.

ҰКП өңдеуші өнеркәсіптің, тау-кен металлургия кешенінің және агроөнеркәсіптік кешеннің жүк түрлері бойынша тарифтік дифференциацияны жоюға қарсы шоғырландырылған позициясын ұстанады. Тарифтерді саралау жойылған жағдайда отандық экономиканың тұрақтылығына қауіп төндіретін және жағымсыз әлеуметтік салдарға әкеп соғатын экспорттық өнімді тасымалдау құнының еселеп өсуінің елеулі тәуекелдері туындайды.

Сондай-ақ, отырыс қорытындысы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына осы жобаның техникалық сипаттамаларының бекітілген нұсқасын, олардың ұқсас жобалардағы тәжірибесін ұсынуды, жаңа тарифтік әдістеме тұжырымдамасы бойынша жобалар мен пайымдаулар, сондай-ақ соңғы отырыста айтылған ТТ және Жол картасына ҰКП-ның ресми ұстанымы мен ұсыныстарын жолдау туралы шешім қабылданды.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер