astana-view

Кәсіпкерлік палата мен аграрлық колледж арасында меморандум түзілді

2024 жылғы 19 Маусым
- Түркістан облысы
5213 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев пен «Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледж» директоры Сейдулла Айкөзов агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша меморандумға қол қойды.

Екіжақты ынтымақтастық келісім-шарты аясында облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Агро кеңес беру орталығының» жетекшісі Нұрлыбек Боранбаев пен агроөнеркәсіптік кешен бөлімінің І санаттағы сарапшысы Ерлан Сатанбаев колледж ұжымымен кездесті.

Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында орналасқан аталған оқу ордасында ет және ет өнімдерін өндіру мамандығын ашу жоспарлануда. Облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Агро кеңес беру орталығының» жетекшісі, ғұмырының 50 жылдан астам бөлігін ауыл шаруашылығы саласына арнаған Нұрлыбек Боранбаев колледж оқытушылары мен студенттеріне дәріс оқуға келісімін берді. 

Нұрлыбек Нұрманұлы колледж кітапханасының қорына авторлық ауыл шаруашылығындағы технологиялар жинағына негізделген «Фермерлер жол серігі» кітабын сыйға тартты. Сондай-ақ, палата қызметкерлері қой шаруашылығын кәсіп етіп отырған Азизжан Адахамовтың және «Дилшод» шаруа қожалығының жұмысымен танысты.

Шаруаларға кеңес беріліп, малды қолдан ұрықтандыру және малдың тұқымдық құрамын жақсарту бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта кәсіпкерлік палата мен аграрлық колледж ұжымы тәжірибе алмасу мақсатында бірлескен жұмыс жүргізеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер