astana-view

Алматының дизайн коды ыңғайлы әрі келбетті урбан кеңістігін қалыптастырады

2024 жылғы 21 Маусым
- Алматы қаласы
6560 просмотров

Дереккөз: almatygenplan

«Алматыбасжоспар» ҒЗИ алаңында Алматы қаласының дизайн-кодын әзірлеу бастамасы аясында көше жиһаздары бойынша семинар өтті. Іс-шара кәсіпкерлер, «Атамекен» ӨКП өкілдері мен жұртшылықты бір ортаға жинады. Олар қала көшелерін абаттандыру тұжырымдамасын, оның ішінде қоқыс себеттерін, орындықтар мен шамдардың урбан кеңістігіне үйлесімді болуын талқылады.

Семинар аясында бірыңғай стиль мен жайлы урбан ортасын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын көше ортасының дизайнын жақсартуға бағытталған идеялар ұсынылды. Қаланың рухы мен сәулетіне сәйкес көше жиһазының келбеті мен функционалдық сипаттамаларын стандарттайтын, сондай-ақ қоғамдық кеңістікті жаңғырту жөніндегі болашақ жобалардың негізі болатын «көше жиһазы» бөлімі бойынша брендбук құруға ерекше назар аударылады.

Семинар барысында қатысушылар өз көзқарастары мен тәжірибелерімен белсенді түрде бөлісіп, сыртқы жиһаздың дизайны мен функционалдығы бойынша ұсыныстар айтты.

«Алматыда қоқысты бөлек жинау үшін көбірек қоқыс жәшіктерін орнату қажет. Бөлек жинау жүйесі қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға көмектеседі, материалдарды қайта өңдеу бағытын ұлғайтуға және таза әрі жақсы күтімді ортаны құруға ықпал етеді», - деп есептейді «Арсенова» ЖК басшысы, Минавархан Арсенова.

Семинар барлық мүдделі тараптардың ой-пікірлерін ескере отырып және қала тұрғындарының өмірін жақсарту үшін инновациялық шешімдер жасауға ықпал ете отырып, сапалы қоғамдық кеңістіктерді қалыптастыру процесінде бизнес, жұртшылық және қала билігі арасындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығын растады.

«Отандық қоқыс себеттері, орындық, шам өндірушілерге дизайн-код шеңберінде сыртқы жиһазға қойылатын талаптарды білу маңызды. Брендбуктардың егжей - тегжейін өндірушілермен, қала тұрғындарымен талқылай отырып, біз көше жиһазының функционалдығы, ыңғайлылығы, эстетикасы бойынша оңтайлы шешімдерді анықтаймыз», - деп атап өтті «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өңірлік даму бөлімінің бастығы Мақсат Жиентаев.

Семинар нәтижелері Алматы қаласында көше жиһаздары бойынша жаңа жобаларды іске асыруды қоса алғанда, қалалық инфрақұрылымды жақсарту бойынша одан әрі қадам жасауда негіз болады деп күтілуде.

«Балхан» ЖШС сату бөлімінің басшысы Азамат Самалиевтың ойынша,  қаланы жарықтандыруда пайданылатын шамдардың материалы мен дизайнының сапасы жоғары болуы тиіс. Көше жиһазы қаланың эстетикалық талаптарына сай болып қана қоймай, Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін ыңғайлы, функционалды болғаны жөн. Сондай-ақ, осы идеяларды жүзеге асыру үшін қала билігімен белсенді ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді. Семинардың тағы бір қатысушысы – «WS Time» компаниясының директоры Думан Әбілдаев  - қоқыс себеттерінде  күл салғыштар болса, қала аумағын таза ұстаудың тағы бір жақсы жолы болар еді, - деген ой-пікір білдірді.

«Көше жиһаздары қала үшін ғимараттармен қатар маңызды элемент болып табылады. Мысалы, Алматы шаһарының Оңтүстік саябағында орнатылған шойын орындықтар өте ыңғайлы, олар ортопедиялық тұрғыдан дұрыс жасалған. Осындай орындықтарды көбірек орнату қажет. Біз сапалы көше жиһазы тек жайлылық пен функционалдылық қана емес, сонымен қатар қалалық эстетиканың көрнекі көрінісі болғаны маңызды, деп санаймыз», - деген ойын «Архметалл» ЖШС өкілі Ақерке Әмірова жеткізді.

Семинар соңында қатысушылар көше жиһазының бірыңғай стандартын жасау - оның тартымдылығын арттыруға, қаланың көрнекі келбетін жақсартуға ықпал ететініне, сонымен қатар тұрғындар мен туристер үшін көз тартымды әрі ыңғайлы  ететініне бірауыздан сенім білдірді.

Анықтама ретінде: дизайн коды – ол әрқайсысы жеке бағытты сипаттайтын қосымшалар жиынтығы. Барлығы - жеті қосымша бар: сыртқы ақпарат, бағыттау, сыртқы жиһаз, көгалдандыру, қасбеттер мен қоршаулар, қалалық нысандарды жарықтандыру.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер