astana-view

PRO Mолоко’24 форумы мен «QazaqSut» көрмесіне жоғары санатты сарапшылар қатысады

2024 жылғы 23 Маусым
5518 просмотров

QazaqSut палатасы, Қазақстанның сүт одағы және Agro Industry KZ компаниялары бірлесіп 4-5 шілдеде PRO Mолоко’24 форумы мен «QazaqSut» көрмесін өткізеді.

Экономика және сүт-тауарлы фермаларды дамыту тәжірибесіне арналған сессияда сүт-тауарлы фермаларды жобалау, салу және жаңғырту бойынша халықаралық сарапшы Александр Артюхов сөз сөйлейді. Ол әр түрлі жағдайда шаруашылықтарды дамыту тәжірибесімен бөліседі. Александр Артюховтың компаниясы Ресейдің ТОП-7 сүт фермаларының  негізгі серіктесі болып табылады (Татарстан, Башқұртстан, Краснодар және Алтай өлкелері, Воронеж және Ростов облыстары, Удмуртия).

Сондай-ақ, шараға танымал спикер, Megamix компаниялар тобының тренер-практик маманы Анатолий Бондаревич қатысады. Александр Бондаревичтің мал шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс тәжірибесі мол. Шаруашылықтарды сүйемелдей отыра, ол Ресейдегі ең мықты ауыл шаруашылығы кешендерімен тығыз жұмыс істейді.

Қазақстандық шаруашылық иелері мен басшылары генетика және табынның көбеюі бойынша тәуелсіз сарапшы, селекционерлерді оқытудың бірегей әдісінің авторы Мария Беляеваға сұрақтар қоя алады.

Ресей, Германия, Италия, Польша, Венгрия, Ұлыбританиядағы 500-ден астам орта және ірі фермалардың белсенді кеңесшісі, АҚШ сарапшысы Дэвид Эллис өзіннің  200-ден 5000-ға дейін мал басын басқару бойынша 30-жылдық тәжірибесімен бөліседі.

3 жыл бойы сүттілігі мен өнімділігі бойынша тұрақты түрде үздік үштікке еніп келе жатқан Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы сүт-тауар фермасының өкілі, сарапшы Данияр Әбітаев ферманы басқаруға деген көзқарастары туралы айтып, ферманың жұмысын жоспарлауға арналған сессияда баяндамашы болады. 

Сүт өнімдерін өңдеу бөліміндегі спикерлердің бірі «MEGA a.s.» (Чехия) техникалық директоры Олег Дымар болады. Ол 16 патенттің авторы, Белоруссияда сарысуды өңдеуге және құрғақ сүт өнімдерін өндіруге арналған 25 бірліктен астам жабдықты әзірлеуші.

Өңдеудегі гигиеналық әдістердің озық тәжірибесімен тамақ фабрикаларының өндірістік санитариясының барлық мәселелерін шешу бойынша компанияның басшысы Зоя Дружинина бөлісетін болады. Қазіргі уақытта сараптамалық компания Қазақстандағы барлық сүт және шұжық фабрикаларының, сондай-ақ елдегі көптеген танымал сусындар мен сыра өндірісінің кәсіпорындарын 50%-дан астамын қамтиды.

Форум ұйымдастырушылары «Энвиро-Хеми ГМБХ» ЖШС директоры Михаил Карякинмен танысуды және нарықтағы  барлық технологиялық тазарту тұжырымдамаларының салыстырмалы талдауын көруді, таңдау статистикасын білуге шақырады. Сарапшы әртүрлі салаларда, соның ішінде сүт өңдеуде 150-ден астам ірі жобаны жүзеге асырған.

Форум және көрме аясында жобаны жүзеге асыру кезінде тапсырмаларды дұрыс жоспарлау және жұмыстың орындалуын бақылау бойынша мастер-класс-семинар жоспарланған.

Сүт бизнесінің сарапшыларымен тәжірибе жинау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

«Pro ​​Mолоко‘24» сүт фермасы және өңдеу форумына қатысу үшін www.agrotrends.kz сайтында тіркелу қажет.

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон хабарласуға болады (Whats App):
8 701 511 3553, 8 708 826 0097, 8 701 513 23 21.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер