astana-view

Алматыда «Hometech & Electra» электроника және тұрмыстық техниканың үш күндік көрмесі жұмысын бастады

2024 жылғы 30 Шілде
- Алматы қаласы
4501 просмотров

Көрмеде ірі және шағын тұрмыстық техниканың, тұрмыстық және өнеркәсіптік электрониканың, электр көлігі мен өндіріске арналған техниканың жаңа әзірлемелері ұсынылған. Қатысушылар үшін бұл қажетті жабдықты тиімді бағамен көтерме түрде сатып алу ғана емес, сонымен қатар перспективалық ынтымақтастық үшін келісімшарттар жасау мүмкіндігі.

Көрме аясында «Орталық Азиядағы электроника нарығын дамыту перспективалары» тақырыбында арнайы форум өтті. ҚР Мәжілісінің, сауда және интеграция министрлігінің, өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Қазақстанның өнеркәсіптік инвесторлар одағының, Алматы қаласы әкімдігінің және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері еліміздегі электрондық технологиялар бизнесінің дамуы, әлемдік аренадағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық туралы айтып берді.

Бүгінгі таңда еліміздегі сауда саласы жалпы айналымының шамамен 16 пайызын құрайды. Оның ең маңызды үлестерінің бірі - электроника мен тұрмыстық техниканы саудалау  төрттен бір бөлігін алады.

«Бізде өндірушілерге сауда алаңдарына шығу үшін жақсы жағдайлар жасалуда. Экономикалық белсенді адамдардың бір жарым миллионға жуығы сауда саласында жұмыс істейді. Ал электр тұрмыстық техника жалпы сауданың топ-10 тауарының қатарына кіреді. Біз отандық өндірісті дамыту үшін сауда орталықтарының сөрелерінде электрониканың ең жаңа өнімдері әрқашан болуын қалаймыз. Мұның бәрі халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді», - дейді ҚР сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Епбаева.

Сауданың ең үлкен нарығы Алматы қаласының үлесінде екендігін айта кеткен жөн. Қала халқы 2,5 миллион адамға жақындады. Агломерацияда тағы 4 миллионнан астам адам тұрады. Яғни, мегаполисте бөлшек немесе шағын көтерме сатылымдардың ғана емес, сонымен қатар сауда мәмілелерінің, соның ішінде халықаралық мәмілелердің ең жоғары пайызы қала кәсіпкерлігінің үлесінде.

«Алматыда 350 мыңнан астам ШОБ кәсіпорындары шоғырланған. Айналымы жылына 512 млрд. теңгені құрайтын 102 компания индустриялық аймақта орналасқан. Тұрмыстық техника өндірісі біз үшін басымды. Сондықтан біз белсенді, ашық және жан-жақты ынтымақтастыққа дайынбыз», - деп Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Әлішер Сатыбалдиев тілге тиек етті.

Көрмеге Қытай Халық Республикасы Гуандун провинциясынан 30-дан астам зауыт өнімін әкелді. Мұндай кең ауқымды ынтымақтастық мүмкіндігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қытайдағы жеке өкілдігінің және сол секілді орталықтың  Алматы  қаласының ӨКП алаңында ашылуымен пайда болды.

«Біз отандық және халықаралық бизнес өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсетуге кез-келген кезде дайынбыз. Ол мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беруден тұрады. Және бұл механизм өте ауқымды. Барлық бизнес  қауымдастықтар  «Атамекен» бастамасымен біріккен. Біз бизнеске бүкіл ел бойынша мемлекеттік органдармен ынтымақтасуға көмектесеміз, өйткені Ұлттық палатаның Қазақстанның әрбір өңірі бойынша филиалдары бар, яғни  бизнесіңізді қандай өңірде құрсаңыз да, сол жерде «Атамекен» палатасының  өкілдері барлық қажетті көмекті көрсете алады», - деп қорытындылады «Атамекен» ҰКП сауда департаментінің директоры Әсет Айтбаев.

Сондай-ақ, көрме жұмысында B2B және B2G сатушылары мен сатып алушыларына арналған сессиялар, тауарлар жәрмеңкесі, маркетплейстердегі сату жөніндегі мамандардың, өз қызметтерін ұсынуға және бизнесті дамытуға көмектесуге дайын брокерлер мен логистикалық компаниялардың презентациялары, кедендік ресімдеу және логистика бойынша семинарлар, мемлекеттік құрылымдармен және даму институттарымен экспорт/импорт мәселелері бойынша өзара іс-қимыл бойынша кеңестер өтеді, сондай-ақ көрмеге келушілер мен қонақтар арасында тұрмыстық техниканың ұтысы ойнатылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер