astana-view

Жалағаш ауданына жұмыс сапары

2024 жылғы 02 Тамыз
- Қызылорда облысы
6194 просмотров

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік және құзыретті органдармен бірлесіп, аудан орталықтарында бизнес қоғамдастықпен кездесулер өткізіп келеді. Кезекті кездесу Жалағаш ауданында жалғасты.

Өткен кездесу аясында Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов аудандағы кәсіпкерліктің өсу қарқыны туралы қысқаша айтып, жұмыс тобына сәттілік тіледі. Әрі қарай, кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздық палатаның қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

"Біз жұмыс тобымен бірге кәсіпкерлерді толғандыратын проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында аудан орталықтарын аралап жүрміз. Палата бизнесті қорғау және қолдау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде, онда кәсіпкерлер арасында қолайлы орта құру үшін қолдан келгеннің бәрі жасалуда", — деді Пірмұхаммед Сыздық.

Кездесуде кәсіпкерлер "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында тиісті органдарға жеңілдетілген кредит беру, гранттар бөлу, субсидиялау және басқа да бірқатар мәселелер тұсында ұсыныс білдірді. Аудан прокуроры өз кезегінде прокуратура тарапынан кәсіпкерлерге әрдайым қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Отырыстан кейін жұмысшы топ "Ботақан" ойын-сауық орталығының және базардың жанында орналасқан "Мега Планета" дүкенінің жұмысымен танысты. Екі кәсіпорын да жергілікті кәсіпкерліктің өсу қарқынына үлкен үлес қосуда.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі


Еншілес ұйымдар

Серіктестер