«Атамекен» ҰКП мен БеНиЛюкс арасындағы ынтымақтастық нығая түсті
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен БеНиЛюкс сауда палатасы ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы келісімге қол қойды
БеНиЛюкс – Бельгия, Нидерланды және Люксембургтің экономикалық және саяси одағы. 1944 жылы құрылғаннан бері бұл одақ экономикадан мәдениетке дейін әртүрлі деңгейдегі өзара іс-қимыл алаңы ретінде қызмет ететін тиімді аймақтық ынтымақтастықтың үлгісіне айналды.
Бұл елдер экономикалық дамудың жоғары деңгейімен, инновацияларымен және тұрақтылығымен ерекшеленеді. Аталмыш одақпен ынтымақтастық «Атамекен» ҰКП үшін де, жалпы ел үшін де өте маңызды болып табылады.
Қол қойылған ынтымақтастық туралы келісім экономикалық байланыстарды нығайтуға және іскерлік қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған.
Сондай-ақ құжат бизнес-делегацияларды, сауда миссияларын, семинарлар мен конференцияларды ұйымдастыру, көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу бойынша бірлескен жұмысты қарастырады. Осылайша қазақстандық және еуропалық бизнесмендер өзара озық тәжірибелермен алмасады және кәсіпкерлерге өсу мен инновация үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Солардың бірі биылғы жылдың 7 қазанына жоспарланған «Қазақстан – Нидерланды» Астанада өтетін Іскерлік кеңесі болмақ. Шараны ұйымдастырып отырған Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен БеНиЛюкс Сауда палатасы көлік логистикасы мен су ресурстарын басқару мәселелеріне назар аударатын болады.
Палата ұйымдастырған шаралардың қатарында былтырғы «Бельгия – Қазақстан» Іскерлік кеңесі, халықаралық ауыл шаруашылығы көрмелеріне қатысу және Бельгия мен Нидерландыға фармацевтикалық миссиялар бар.
Сонымен қатар, бұл ынтымақтастық жаңа білімнің қайнар көзі болмақ. Тараптар экономикалық кедергілерді еңсеруге және бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасауға көмектесетін аналитикалық деректермен және басқа да маңызды ақпараттармен үнемі алмасуға келісті.
Жалпы, БеНиЛюкс пен Палатаның ынтымақтастығы қос тарап үшін де өте маңызды.
Бұл бастамалардың барлығы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға және Қазақстанға инвестиция тартуға, қазақстандық тауарлар мен қызметтердің экспортын арттыруға көмектесуге бағытталған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: