astana-view

«Іскерлік ахуал» тәуелсіз рейтингі» әлеуметтік зерттеуінің 2024 жылғы ІІ-тоқсанының қорытындысы

2024 жылғы 13 Тамыз
6482 просмотров

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V ҚР Заңының 10-бабының 2) тармағына сәйкес «Іскерлік ахуал» тәуелсіз рейтингі» әлеуметтік зерттеуі тұрақты негізде жүргізіледі. Зерттеу мақсаты – Қазақстанның әрбір жекелеген өңір/аудан экономикасының басым салаларында кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларын жасау бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс нәтижелерін бағалау және салыстыру болып табылады. 

Онлайн сауалнама нәтижелері бойынша жүргізілген зерттеу 20 облысты, оның ішінде еліміздің 226 қаласы мен ауданын қамтып, шағын және орта бизнес өкілдерінің арасынан 4351 респондентті қамтыды.

Шағын бизнеске жүргізілген сауалнаманың қысқаша нәтижелері:

  • Шағын бизнеске жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша 2024 жылғы 2-тоқсандағы «Іскерлік ахуал» рейтингін 3,39 баллмен Ұлытау облысы бастап тұр.
  • Еліміздің 8 өңірінде рейтинг орташа республикалық мәннен төмен.
  • Ең төменгі рейтинг – Түркістан, Абай және Алматы облыстарында.
  • Сауалнама көрсеткіштері бойынша өңірлердің орташа бағасы ықтимал ең жоғары 4 баллдың 2,98 баллын құрады.

 

Орта бизнеске жүргізілген сауалнаманың қысқаша нәтижелері:

  • Рейтингті 3,87 баллмен Шымкент қаласы бастап тұр.
  • Еліміздің 13 өңірінде рейтинг орташа республикалық мәннен төмен.
  • Ең төменгі рейтинг – Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарындағы .
  • Сауалнама көрсеткіштері бойынша өңірлердің орташа бағасы ықтимал ең жоғары 4 баллдың 3,25 баллын құрады.

 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстандағы бизнес-климатты жақсартуға көмектесе отырып, өңірлердегі кәсіпкерлікті бақылауды және қолдауды жалғастырады.

Зерттеудің толық нәтижелерін СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер