astana-view

Нұрлан Байбазаров жекеменшік балабақшаларды қорғау жөніндегі «Атамекен» бастамасын қолдауды тапсырды

2024 жылғы 14 Тамыз
7328 просмотров

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров кәсіпкерлер мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жекеменшік балабақшаларға қатысты жер мәселесін шешу туралы ұсынысын қолдауды тапсырды.

Үкімет үйінде қазақстандықтарды көптен бері алаңдатып жүрген білім саласын қатысты мәселе өз шешімін тапты.

Мамыр айының соңында мемлекеттік органдар азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін бұрын берілген жер телімдерін мақсатты пайдалану мәселесін көтерді. Бұл бүгінгі таңда 5898 балабақшаның 80 пайыздан астамы мақсатын өзгертпей осындай үй-жайларда жұмыс істейтін жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың қиын жағдайға тап болуына әкелді.

Балабақшалардың көпшілігі мемлекеттік сараптаманы өз бетінше жүргізе алмайды. Себебі, оның бағасы тым қымбат, дәлірек айтсақ, 20 миллион теңгеге дейін жетеді.

Әдетте, мұндай үй-жайларды жалдау шарттары бір жылға дейінгі мерзімге жасалады және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту құқығын көздемейді.

Білім министрлігімен келіссөздер жүргізгеннен кейін Ұлттық палата жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарды жер телімдерін мақсатсыз пайдаланғаны үшін тексеруді уақытша тоқтату туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүгіну туралы шешім қабылдайды. Бұл кәсіпкерлерге құжаттаманы түзетіп, қызметін заң нормаларына сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров бизнес мәселелерін қарауға арналған кеңесте Ауыл шаруашылығы министрлігіне және Білім министрлігіне «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, бірыңғай құқық қолдану тәжірибесін әзірлеуді тапсырды. Оның алгоритмі кейінірек аумақтық инспекцияларға орындау үшін жіберіледі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер