astana-view

Павлодарлық «Атамекен» бизнесті қалалық және аудандық кеңестерге кіруге шақырады

2024 жылғы 27 Қыркүйек
- Павлодар облысы
2424 просмотров

Павлодар облысының ӨКП бизнеске өздерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайтын кәсіпкерлердің қалалық және аудандық кеңестеріне кіруді ұсынады.

«Атамекен» Палатасы жанындағы кәсіпкерлер кеңесі бірқатар аудандар мен қалаларда өз құрамын жаңартуда.

Құжаттар пакеті:

1.            аудандық немесе қалалық кәсіпкерлер кеңесінің мүшелігіне кандидаттың еркін нысандағы өтініші (саланың санатын көрсете отырып);

2.            кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі;

3.            кандидаттың түйіндемесі (суретімен);

4.            кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі;

5.            кәсіпкерлік субъектісінің қатысушылары туралы белгіленген нысандағы анықтама (тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама не бағалы қағаздарды бірыңғай тіркеушіден анықтама (тек акционерлік қоғамдар үшін);

6.            соттылығының жоқ немесе бар екендігі туралы анықтама, оны беру мерзімі күнтізбелік он күннен аспайды.

Ниет білдіргендер «Атамекен» ӨКП-ның аудандық және қалалық филиалдарына хабарласа алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер