astana-view

ШҚО кәсіпкерлері әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізімін өзгертуді ұсынды

2024 жылғы 01 Қазан
- Шығыс Қазақстан облысы
1218 просмотров

ШҚО кәсіпкерлер палатасының Сауда және қызмет көрсету кеңесінің отырысында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізбесін, атап айтқанда тауық еті мен күнбағыс майы бойынша нақтылау ұсынылды.

«ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарының хаттамасына сәйкес, ШҚО сауда кәсіпорындарының қауымдастығы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тізбесін түсіндіру бойынша ұсыныстар әзірледі», - деді ШҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев.

«Сауда кәсіпорындары қауымдастығы» өңірлік төрағасы Владимир Бердниктің айтуынша, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізімінде тауық өнімдерін бөлу кезінде, шатасулар болып, түсініктеме беру қажет болды.

«Қазір тауық еті жамбас және жіліншік ретінде тізімде тұр. Біз бөлінбеген жамбас және жіліншік қылып, өзгертуді ұсынамыз, яғни төрттен бір бөлігі мұздатылған болуы керек», - деді Владимир Бердник.

 Сондай-ақ күнбағыс майын санаттар бойынша бөлу керектігін атап өтті. Тазартылған және тазартылмаған күнбағыс майы (дүкендегі май ассортиментінің 30% әлеуметтік маңызы бар бағамен, яғни үстеме баға 15% болуы керек).

Жиын қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесіне түзетулер енгізу жөнінде ұсыныстар жіберу туралы шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер