Қазақстандағы субсидияланатын рейстер: турбизнес жаңа тәсілді ұсынды
ҰКП алаңында туристік маусым-2025 қарсаңында Қазақстанның курорттық аймақтарына көліктік қолжетімділік мәселелерін бизнес-қауымдастық пен мемлекеттік органдардың өкілдері талқылады. Кездесудің модераторы «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков болды.
Әуе рейстерін субсидиялау мәселелері күннің басты тақырыбына айналып, ұсынылған өзгерістер бүкіл ел бойынша саяхатты қолжетімді және бизнесті тиімді етуге уәде береді. Субсидияланатын рейстердің гибридті немесе аралас тарифіне көшуін ағымдағы жүйені қайта қарау қажеттілігін тудырды. 2010 жылдан бастап қолданыстағы қазіргі механизм жолаушылардың тәртіп ерекшелігін әрдайым ескермейтіні айтылды. Мамырдан тамызға дейін 100% жүктеу және белгіленген тарифтің бірдей деңгейінде қыркүйек пен сәуір аралығында айтарлықтай төмендеу байқалатын маусымдық фактор да бар.
«Авиарейстерді орындау бойынша шығыстарды өтеу құрылымы авиатасымалдаушылардың кейбір операциялық шығыстарын қамтымайды және субсидияланатын авиарейстерді орындау кезінде рентабельділік алуды көздемей, өзіндік құн деңгейінде өтеледі. Осылайша, бұл субсидиялау тетігі жолаушылар арасындағы сұранысты толық ынталандырмайды және авиакомпанияларды бағыттарға қызмет көрсетуге экономикалық жағынан тартпайды», - деп атап өтті «QazaqAir» АҚ коммерциялық директоры Сүлейман Мирзаев.
Екі нұсқа ұсынылды: Біріншісі – рейстердегі орындардың белгіленген саны субсидияланатын тарифтермен, ал қалған билеттер сұранысқа байланысты өзгеретін коммерциялық бағамен сатылады. Мұндай механизм мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайтып қана қоймай, авиакомпаниялардың кірістерін арттыруға, олардың маршруттарға қызмет көрсетуге деген қызығушылығын көтеруге мүмкіндік береді. Екінші нұсқа – әуе билетінің құнын аралас қалыптастыру, оның бір бөлігі субсидияланған қаражаттан, ал бір бөлігі коммерциялық құннан тұрады.
Субсидиялау жүйесіне өзгерістер енгізу идеясын Ұлттық палата мен бизнес-қауымдастық қолдады.
«Бұл шешім барлығына тиімді екенін көріп отырмыз: туристер қолжетімді билеттерді алады, мемлекеттік қолдау тиімдірек болады және авиакомпаниялар рентабельділікке қол жеткізе алады. Бұл жаңа бағыттардың ашылуын және қолданыстағы бағыттардың кеңеюін ынталандырады», - деді Тимур Нақыпбеков.
Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева аталған ұсынысты қарауға және оны жекелеген маршруттарда пилоттық жоба аясында енгізуге дайын екенін білдірді.
Сонымен қатар, «Оңтүстік аспан» авиакомпаниясынан аз орынды ұшақтар үшін субсидияланатын маршруттардағы креслолар санына қойылатын талаптарды қайта қарау туралы ұсыныс айтылды. Бұл өз кезегінде авиамаршруттар желісін кеңейту мүмкіндігін шектейді.
Кездесу қорытындысы бойынша Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева барлық айтылған ұсыныстар қаралып, Комитет НҚА-ге тиісті өзгерістер енгізуге дайындалатынын жеткізді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: