astana-view

«Атамекен» ҰКП және ҚР Сыртқы сауда палатасының өкіл-кеңесшісі тағайындалды

2024 жылғы 16 Қазан
3027 просмотров

Игнасио Касановас «Атамекен» ҰКП кеңесшісі және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының халықаралық ынтымақтастық және ұлттық өнеркәсіп пен бизнесті дамыту жөніндегі өкіл-кеңесшісі болып тағайындалды.

Бұл тағайындау қазақстандық және халықаралық бизнес мүдделерін дамыту мен қорғаудағы маңызды қадам болып табылады.

Игнасио Касановас мырзаның елеулі тәжірибесі және оның Қазақстанның жаһандық ынтымақтастығын нығайтуға бейілділігі жеке атап өтілді.

«Касановас мырза Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын арттыруға, сондай-ақ ұлттық экономиканың тұрақты өсуіне және инновациясына бағытталған стратегиялық бастамаларды дамыту үшін ұлттық және жеке компаниялармен, әртүрлі сауда палаталарының мүшелерімен, мүдделі тараптармен және халықаралық серіктестермен тығыз жұмыс істейтін болады. Оның Қазақстанмен 20 жылға жуық уақытты қамтитын көп жылдық жұмыс тәжірибесі негізгі мәселелерді тиімді шешуге және аймақтық және жаһандық интеграция мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік береді», - деді Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов.

Касановас мырзаның мұнай-газ өнеркәсібіндегі, логистикадағы және ірі инфрақұрылымдық жобалардағы елеулі жетістіктерімен ерекшеленген мансап жолы бар. Ол халықаралық сауда мен өнеркәсіптің күрделі мәселелерін терең түсінетіндігін көрсете отырып, Қазақстандағы жобаларды дамытуда маңызды рөл атқарды.

«Мен осы маңызды тағайындау үшін өте ризамын және Қазақстанға қызмет етуді асыға күтемін. Бұл мен үшін зор мәртебе және мәртебелі Президент Қ.Тоқаев алға қойған стратегиялық ұлттық мақсаттарға қол жеткізуге үлес қосу үшін бірге жұмыс істейтін боламыз. Біз Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жобаларды тиімді пайдалануға, технологиялар трансфертін қамтамасыз етуге, ұлттық мүдделерге қызмет ету және халықаралық деңгейге шығу үшін өз мүмкіндіктерімізді кеңейтуді жалғастыруға ұмтылуымыз керек. Біз бірге оң өзгерістер жасай аламыз және жаһандық деңгейдегі іскерлік ынтымақтастық үшін гүлденген әрі тұрақты болашақты құра аламыз», - деді Игнасио Касановас.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер