astana-view

Құрылыс саласындағы әкімшілік кедергілер: сарапшылардың пікірі

2024 жылғы 31 Қазан
4173 просмотров

Қайырбек Сүлейменовтың төрағалығымен өткен «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің отырысында сәулет және құрылыс саласындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесі қаралды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және реттеу кәсіпкерлік қызмет үшін әкімшілік кедергілерді азайтуға және экономиканың осы саласын инвестициялауды ынталандыруға бағытталған.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызатын проблема осы саладағы кәсіпкерлікті дамытуға кедергі болатын даулы және негізсіз құқық қолдану практикасы болып отыр. Заңға тәуелді реттеудің алуан түрлілігі, заңнаманың қақтығысы, көптеген анықтамалық құқықтық нормалар, оларды екіұшты түсіндіру сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі кәсіпкерліктің дамуына теріс әсер етеді.

Құрылысшылар қауымдастығының мәліметі бойынша, жекелеген өңірлерде тұрғын үй құрылысына инвестициялардың төмендеуі байқалады. Өңірлерде құрылыс қарқынының төмендеуі және тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлікке инвестициялардың азаюы байқалады, оның себептерінің бірі егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының болмауына байланысты сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруден бас тарту және тоқтата тұру болып табылады.

  Мұның себебі жоспарлау жобасының болмауына байланысты сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруден бас тарту не тоқтата тұру болып отыр.

Заңға сәйкес «ТЖЖ» әзірлеуді ұйымдастыруды сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады. 

Алайда, толық жайғастыру жобасы мен құрылыс жобалары түріндегі қала құрылысы жобалары, мәселен, Қостанай қаласында облыс орталығы аумағының 10% қамтылған. 2024 жылға Қостанай қаласының толық жайғастыру жобасын әзірлеуге 131000 мың теңге бөлінді. Алайда, есептеулерге сәйкес, қалада ТЖЖ әзірлеу үшін шамамен 13 млрд.теңге қажет, оны жергілікті бюджет есебінен бөлу қиындық тудыруда.

Осыған байланысты құрылыс салушылар ТЖЖ-ны өз бетінше әзірлеуге мәжбүр, ал бұл өз кезегінде өтелмейтін қаржылық шығындарға әкеп соғады. 

Сонымен қатар Құрылыс істері және ТКШ комитетінің облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктеріне қолданыстағы ТЖЖ жоқ бастапқы материалдарды беруді тоқтата тұру бойынша хат жіберілген болатын, бұл өз алдына  өңірлердегі құрылыс саласының дамуына әсер етті.

Комитет төрағасының хатына сәйкес, жеке не заңды тұлға қаланың өнеркәсіптік аймағының ТЖЖ әзірлеуге тапсырыс беруші бола алады, сол арқылы құрылыс саласындағы уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдардың «әрекетсіздігін ынталандырып», ТЖЖ әзірлеуді кәсіпкерлік субъектілеріне ауыстырады.

Бұл жағдайда 2023-2024 жылдар аралығында бизнес рұқсат беру құжаттарын алу мүмкіндігінің болмауына байланысты шешілмейтін мәселеде кепілге алынды, ал бұл бизнесті одан әрі дамытуға кедергі.

Толық жайғастыру жобасы болмаған кезде сәулет-жоспарлау тапсырмасын берудегі проблемалар Шымкент қаласы мен Ақтөбе облысында орын алды.

Талқылау қорытындысы бойынша Кеңес толық жоспарлау жобасын әзірлеу және бекіту бойынша құқықтық және ұйымдастырушылық регламенттеудегі кемшіліктер, қалыптасқан теріс үрдістерді шешу жөніндегі уәкілетті органның әрекетсіздігі құқық қолдану практикасында қайшылыққа әкеп соқтырды деген қорытындыға келді. Бұл кәсіпкерлік қызметті шектейді, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қолайлы жағдай жасайды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне толық жайғастыру жобасын қабылдауды қамтамасыз ету үшін орталықта да, жергілікті жерлерде де нақты мерзімдер мен жауапты тұлғаларды белгілей отырып, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар үшін Жол картасын әзірлеуге және бекітуге бастамашылық жасау ұсынылды. Сондай-ақ бас жоспарлар бекітілгеннен кейін ТЖЖ әзірлеудің шекті мерзімдерін белгілеу, әкімдіктен лауазымды тұлғалардың толық жайғастыру жобаларын әзірлеу мен бекітудің белгіленген мерзімдерін бұзғаны үшін жауапкершілігін белгілеу бөлігінде нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне Кеңес кәсіпкерлерге өз қаражаты есебінен толық жайғастыру жоспарларын дербес әзірлеуді жүктеу фактілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін зерделеуді ұсынады.

Сонымен қатар облыс әкімдіктеріне қалыптасқан жағдайды түзету бойынша ұсыныстар айтылды.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер