astana-view

Ақтаулық кәсіпкер «Адал азамат» сыйлығымен марапатталды

2024 жылғы 08 Қараша
- Маңғыстау облысы
144 просмотров

 

Ақтаулық кәсіпкер Данияр Сандыбаев Астанада қаласында мемлекеттік органдардың, бизнес-қауымдастық өкілдерін және Қазақстанның барлық өңірінің табысты кәсіпкерлерін біріктірген «Адал азамат. Адал еңбек. Адал бизнес» шағын және орта бизнес форумында «Адал азамат» сыйлығымен марапатталды.

Күн тәртібінде – форумның басты тақырыбына айналған шағын және орта бизнесті (ШОБ) тұрақты дамыту үшін инновациялық тәсілдер мен тиімді шешімдер болды.

Форум «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысушылардың өнімдерін және экономикалық кластерлердің дамуын көрсететін көрмемен бастау алды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік органдармен бірлесіп іске асырып жатқан бұл бастама жергілікті өндірушілерді қолдаудың тиімді құралы ретінде көрсетті. Шара қатысушылары түрлі салалардың өнімдерімен танысып, мемлекеттің қолдауының арқасында өңірлік деңгейде өнімдер мен қызметтердің сапасы артып жатқанына көз жеткізді.

Форумға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Олжас Бектенов те қатысты.

Премьер-Министрдің айтуынша, бизнес өзін нық сезініп, өндірістерін кеңейту және болашаққа инвестиция салу мүмкіндігіне ие болуы керек. 

«Президент отандық бизнеске және инвесторларға жол ашу – Үкімет пен барлық мемлекеттік органдардың міндеті екенін нақты айтты. Біздің мақсатымыз – бизнес өзін нық сезінетін, сондай-ақ өз идеяларын жүзеге асыруға, өндірістерін кеңейтуге және болашаққа инвестиция салуға мүмкіндік беретін экономика құру. Бұл ретте әрбір кәсіпкердің мемлекеттік органдармен арадағы өзара іс-қимылдың ашықтығына және жеделдігіне сенім артуы маңызды. Біз жаһандық сын-қатерлер мен жедел технологиялық прогресс жағдайында кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін дамытып қана қоймай, экономикамызды белсенді түрде әртараптандыруымыз қажет екенін түсінеміз. Бұл орайда бизнестің рөлі өлшеусіз», - деді Премьер-Министр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер