astana-view

Кәсіпкерлерге қатысты тергелген 10 қылмыстық істің 7-і ақтау негіздері бойынша тоқтатылды

2024 жылғы 29 Қараша
296 просмотров

Қайырбек Сүлейменовтің төрағалығымен өткен «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің кезекті отырысында қылмыстық процесте кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды.  

Мемлекет басшысы қазақстандық кәсіпкерлерге қарсы негізсіз қылмыстық істерді тоқтату туралы мәселені бірнеше рет көтерген. Олардың экономикалық қызмет саласындағы құқықтарын бұзу жиілігі ерекше атап өтіледі. Қазақстанда жарияланған кейбір экономикалық қылмыстардың қылмыссыздандырылуымен негізсіз қудалау саны азайды, ал бизнесті қорғау прокуратура үшін басым міндетке айналды.

Алайда Кеңес қатысушылары кәсіпкерлердің құқықтарын толық қорғау үшін қабылданған шаралар әлі де жеткіліксіз екенін атап өтіп, заңнаманы және құқық қорғау органдарының жұмысын жақсарту қажет екеніне тоқталды. Кәсіпкерлер бірнеше рет іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмегені үшін қылмыстық жауапкершілікті алып тастауды ұсынғанымен, бұл ұсыныстар қабылданбады. ҚК-нің 245-бабы бойынша шот-фактура пайдаланыла отырып, салықтан жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Аталған бап ҚК 216-бабымен сәйкес келеді. Осындай жағдайлар бойынша кәсіпкерлер көбінесе негізсіз тергеуге ұшырап, заңнаманы қолданудағы мәселелерге алып келеді.

Статистика не дейді? 

Құқық қорғау органдары тергеп-тексеретін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге, материалдық ресурстар мен құжаттаманы алып қоюға, сараптамалар мен зерттеулер тағайындауға, куәгерлерді, сарапшылар мен мамандарды шақыру не жауап алуға байланысты қылмыстық істердің зор үлесі қылмыстық жазаланатын мінез-құлықты қамтымайтын іс-әрекеттер бойынша жүргізілді.

Бизнес үшін қылмыстық процеске заңсыз тарту шарттарды бұзуды, шотқа тыйым салу, жабдықтардың бос тұруы және ең бастысы, кәсіпкердің өз қызметін еркін жүргізуге деген сеніміне теріс психологиялық әсер етуді білдіреді.

Еліміздегі ең ірі мегаполис – Алматы қаласында он істің тоғызы қылмыс  құрамы болмағандықтан тоқтатылған.

ҚК-нің 216-бабы бойынша кәсіпкерлерді қылмыстық қудалауға заңсыз тартудың себебі Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің тергеуге негізсіз бастамашылық жасауы болды. Кәсіпкердің қылмыстық іске қатысы бар деген материалдары көп жағдайда расталмаған. Егжей-тегжейлі тергеуден кейін Мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеуден жалтаруға әкеп соққан мәмілелердің жалғандығы туралы тұжырымдары толығымен теріске шығарылған не жұмыстардың орындалғаны, тауарлардың тиеп-жөнелтілгені расталған.

Бүгінде Мемлекеттік кірістер органдарының қызметінде кез-келген тәсілмен, тіпті егер олар негізгі Заңда белгіленген кепілдіктерді бұзса да, бюджетке салық түсімі түссе болды деген ой қалыптасқан.

Сондай-ақ Кеңесте адвокаттың ғана қылмыстық процеске кәсіпкерлер мүддесін қорғаушы ретінде қатысуы жеткіліксіз екендігі атап өтілді. Қорғау функцияларын орындай алатын субъектілер бойынша қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген шектеулер «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңының мемлекеттік органдарда кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бөлігіндегі ережелері нивелирленді. Бұл функциялар қылмыстық іс жүргізу қатынастарына қолданылмайды.

Бұдан бөлек, Кеңесте қоғамдық қорғаушы ұғымын қайта жаңғырту қажет екендігі айтылды.

Бұл институт бұрын қазақстандық заңнамада тиімді жұмыс істеген және басқа мемлекеттердің заңнамасында сақталған.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қылмыстық процесте бизнес құқықтарын қорғауға мүмкіндік беру қылмыстық процесс тараптары тепе-теңдігінің теңгерімсіздігін азайтуға мүмкіндік беріп, осы салаға қоғамдық бақылау элементтерін енгізеді. Сонымен қатар оның мүшелерінің құқықтарын қорғау жөніндегі құзыретті іске асыруға мүмкіндік береді.

Кеңес не ұсынады?

Талқылау қорытындысы бойынша Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігіне Құқық қорғау органдары академиясының базасында МКД мамандарын құқық бұзушылықтарды ЕҚДБ-да тіркеу үшін негіз болып табылатын материалдар мен зерттеулердің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ететін міндетті рәсімдер бойынша оқытуды жүргізу ұсынылды. Сондай-ақ Бас прокуратураға экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталу кезеңін қадағалауды күшейту ұсынылды.

Қаржы министрлігіне Мемлекеттік кірістер комитетінің осы санаттағы істер бойынша материалдарды негізсіз немесе заңсыз енгізуді болдырмайтын сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуге бастамашылық жасау жөніндегі қызметіне өзгеріс енгізу ұсынылды.

Әділет министрлігіне кәсіподақтар мен кәсіпкерлер, заң және ғылыми қауымдастықтардың, адвокатура мен құқық қорғау органдарының қатысуымен Қылмыстық Кодекстің 216-бабын декриминализациялау және басқа мемлекеттердің ұлттық тәжірибесі мен заңнамасын ескере отырып, қоғамдық қорғаушылар мен қоғамдық айыптаушылар институтын қылмыстық процесте қалпына келтіру мүмкіндігі туралы қоғамдық талқылаулар циклын ұйымдастыру ұсынылды.  

Кеңесте айтылған барлық ұсыныстар мен материалдар Президент Әкімшілігі мен Үкіметке жіберіледі.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер