astana-view

2025 - жылы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңестеріне делегаттар сайлауы өтеді

2024 жылғы 06 Желтоқсан
- Алматы облысы
1913 просмотров

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқығын корғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес отырысында кәсіпкерлерге 2025-жылдың 27-29 қаңтары аралығында өтетін Өңірлік кеңесті құру тәртібі түсіндірілді.

Ережеге сәйкес, Өңірлік кеңеске делегаттарды сайлау - Кәсіпкерлер палатасының аудандық және салалық кеңестерінің құрамына кіретін кәсіпкерлердің тікелей дауыс беруі негізінде жүзеге асырылады.

Үміткерлер салалық және аудандық кеңестер құрамынан, сондай-ақ, Кәсіпкерлер палатасында тіркелген өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен бірлестіктердің басшылары немесе алқалы органының мүшелері арасынан сайланады.

Өтінішті тіркеу туралы шешімді Кәсіпкерлер палатасының сайлау комиссиясы қабылдайды, сонымен қатар сайлау комиссиясы кандидаттарға тексеру жүргізеді.

Бірнеше салалық кеңестің мүшесі болып табылатын салалық кеңес мүшесі өз кандидатурасын тек бір салалық кеңестен ұсына алады және ол кемінде 1 ай салалық кеңестің мүшесі болуы керек.

Тиісті салалық кеңесте сайлау өткізу кворумы салалық кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен екі бөлігін құрайды. Өңірлік кеңес делегатына кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер