astana-view

Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің сайлауы өтеді

2024 жылғы 10 Желтоқсан
- Шымкент қаласы
1452 просмотров

Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасының жанындағы Өңірлік кеңес делегаттарының сайлауы өтеді. Үміткерлердің құжаттарын қабылдап, тіркеу 2024 жылдың 10 желтоқсанынан бастап, 24 желтоқсанға дейін жалғасады.

Үгіт-насихат жұмыстары 2025 жылдың 8-19 қаңтары күндері,
ал сайлау 2025 жылдың 20-22 қаңтары күндері өтеді.

Өңірлік кеңеске делегаттарды сайлау бойынша Палата жанындағы 9 салалық кеңестің отырыстарында айтылып, кеңес мүшелеріне толық түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Өңірлік кеңес мүшелерінің саны – 25 адам.

Делегаттар Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы жанындағы салалық кеңестердің мүшелерінің арасынан, сонымен қатар, Палатада аккредиттелген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың және қауымдастықтардың бірінші басшылары мен атқарушы органы мүшелерінің арасынан таңдалады.

Өңірлік кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:

•    Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс;
•    салалық кеңестің мүшесі, немесе Өңірлік кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген қауымдастықтың атқарушы органының мүшесі болуы тиіс;
•    соңғы 3 айда салық қарызы болмауы тиіс;
•    заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе жойылмаған соттылығы болмауы тиіс.

Өңірлік кеңес мүшелігіне кандидаттарды тіркеуге қажет құжаттар:

1.    жеке кәсіпкердің, кәсіпкерлік субъектісінің бірінші басшысын немесе атқарушы органының мүшелерін кандидат ретінде ұсыну туралы өтініш (салалық санатын көрсету);
2.    кәсіпкерлік субъектісінің жарғысы және/немесе құрылтай шартын көшірмесі (болған жағдайда);
3.    кәсіпкерлік субъектісі ретінде мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат;
4.    кандидаттың түйіндемесі немесе биографиялық мәліметтері;
5.    кандидаттың атқарушы орган мүшесі ретінде лауазымын растайтын құжат (акционерлік қоғамдар немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін);
6.    кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7.    үш айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдары жүргізетін салық қарызының жоғын растайтын анықтама;
8.    кәсіпкерлік субъектісінің қатысушылары туралы анықтама (заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама немесе бағалы қағаздар туралы бірыңғай тіркеуші туралы анықтама - тек акционерлік қоғамдар үшін);
9.    сотталмағаны туралы анықтама.

Қауымдастықтан (одағынан), кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымнан Өңірлік кеңес мүшелігіне кандидаттарды тіркеу үшін мына құжаттар қажет:

1.    қауымдастықтың (одағының), кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның Өңірлік кеңеске өзінің бірінші басшысын немесе атқарушы органның мүшесін ұсыну туралы өтініші;
2.    қауымдастықтың Өңірлік палатаның аккредитациясын растайтын құжаты;
3.    қауымдастықтың кандидаттың түйіндемесі немесе биографиялық мәліметтері;
4.    қауымдастықтың кандидаттың бірінші басшысы немесе атқарушы орган мүшесі ретінде лауазымын растайтын құжаты;
5.    қауымдастықтың кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
6.    қауымдастықтың үш айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдары жүргізетін салық қарызының жоғын растайтын анықтама;
7.    сотталмағаны туралы анықтама.

Кандидаттарды ұсыну мерзімі – 2024 жылдың 10-24 желтоқсан аралығында, үгіт-насихат жұмыстары – 2025 жылдың 8-19 қаңтары аралығында, ал дауыс беру 2025 жылдың 20-22 қаңтары аралығында өтеді.

Құжаттарды қабылдау мекенжайы: Шымкент қаласы, Ерімбетов көш, 304Г, «Заңғар» бизнес орталығы, Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы, байланыс нөмірі – 1432, 8 707 444 27 20 (Әзілхан Жаримбетов).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер