astana-view

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы “Қытайға терезе” атты жаңа жоба ұйымдастырды

2025 жылғы 23 Қаңтар
- Түркістан облысы
197 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында “Қытайға терезе” атты жаңа жоба өтті.

Жобаның мақсаты – Қытай нарығында тиімді сауда жүргізу жолдарын үйрену, таңдаулы қосымшаларды (TaoBao, 1688, Aliexpress) пайдалану, сондай-ақ Kaspi және Wildberries платформаларында тауар сату стратегияларын меңгеру. Сонымен қатар, табысты арттыру үшін маңызды қадамдар мен пайдалы кеңестер ұсынып, өңірімізде 100 өндірісті ашуға септігін тигізіп, сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу.

Өңірлік палата директорының айтуынша бүгінгі оқыту сабағы онлайн сатуды бастауды жоспарлап жүрген кәсіпкерлерге, сауда платформаларында жұмыс істейтіндерге және жаңа бизнесті дамытуға қызығушылық танытқандарға арналған:

“Бұл мастер-класс тапсырыстар санын арттыруға, қосымша табыс көздерін ашуға және сауданы тиімді ұйымдастыруға көмектеседі”, - деді Асылан Ибадуллаев.

Жобаға өңірдің 500-ге жуық кәсіпкер онлайн және офлайн форматта қатысып, сұрақтарын қойып, маркетплейстермен жұмыс істеуді үйренді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер