ҰКП машина жасау Комитеті 2025 жылға арналған жоспарды белгіледі
ҚР ҰКП Президиумының Машина жасау және металл өңдеу Комитетінде машина жасау саласындағы 2025 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды. Комитет саладағы жағдайды жақсартуда маңызды мәселелер көтереді. Мұндай қадамдарға машина жасауда отандық өндірушілер үшін жаңа преференциялар мен жеңілдіктер жасау, ұзақ мерзімді және арзан несиеге қол жеткізу жатады. Металл бұйымдарын импорттау кезінде машина жасау кәсіпорындарын ҚҚС-дан босату жұмыстары жалғасады. Бұл кәсіпорындарға қаржылық жүктемені жеңілдетеді.
Машина жасау Одағының төрағасы Мейрамбек Пішембаев 185 жобаны жүзеге асыру бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді.
«Биыл атқаратын көп жұмыс бар. Ең алдымен саланы қаржыландыру мәселесін шешуіміз керек. Машина жасауда пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау түріндегі алғашқы қадамдар жасалып та үлгерді. Арнайы бағдарлама шағын бизнесті қолдауға көмектеседі. Бұл үшін 90 млрд теңге қарастырылған», - деді «Атамекен» ҰКП ашина жасау және металл өңдеу Комитетінің төрағасы.
Кездесу барысында Пішембаев ағымдағы жылдың сәуір айында машина жасаушылардың XI Форумын өткізу туралы хабарлады. Тек ішкі ғана емес, сыртқы нарыққа да, сондай-ақ, машина жасау саласындағы мамандарды даярлауға арналған білім беру бағдарламаларын жаңғыртуға баса назар аударылуда.
ҰКП Басқарушы директоры – Өңдеу өнеркәсібі департаментінің директоры Алмат Асқар атап өткендей, жұмысшы мамандар жылына сәйкес машина жасау саласындағы отандық өнеркәсіптік кәсіпорындарды «Энергетика және ТҮКШ-ті жаңғырту» ұлттық жобасына тарту бойынша ұсыныстарға ерекше назар аударылады. Бизнес ұсыныстарды ескере отырып, жұмысшылардың біліктілігін арттыру бойынша нақты қадамдар белгіленеді.
Машина жасау саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселесі де назардан тыс қалмады. Биыл шетелдік қауымдастықтармен және компаниялармен, соның ішінде Азия елдерімен қарым-қатынасты кеңейту жоспарлануда.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: