Түркістанда Өңірлік кеңес мүшелерінің сайлауы жалғасуда
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында Өңірлік кеңес мүшелерінің сайлауы жалғасуда
Сайлаудың екінші күні Сауда және қызмет көрсету жөніндегі салалық кеңесі, Агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі бойынша салалық кеңесі, Білім беруді және медицинаны дамыту салалық кеңестерінің мүшелері жәнеде Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Сауран, Созақ аудандары кеңестерінің мүшелері дауыс берді.
Сайлау барысын өңірлік сайлау комиссиясы бақылап отырады. Комиссия мүшелері сайлаудың ашық өтіп жатқанын айтады.
Айта кетейік, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының жанындағы Өңірлік кеңеске 23 адам сайланады. 2024 жылдың 17 желтоқсанынан 31 желтоқсанға дейін жалғасқан үміткерлерді тіркеу кезеңінде құжаттар тапсырылып, 42 кандидат тіркелді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: