astana-view

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы бизнес субъектілерін салалық кеңестерге қосылуға шақырады

2025 жылғы 29 Қаңтар
- Атырау облысы
663 просмотров

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының жаңында Кәсіпкерлер палатасының тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші органдары болып табылатын кәсіпкерлердің салалық кеңестері жұмыс жасауда.

Бүгінгі таңда ӨКП жанынан 9 салалық кеңес жұмыс істейді:

- Өңдеу өнеркәсібі кеңесі;
- Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі кеңесі;
- Жер қойнауын пайдаланушылар және мұнай сервис қызметі кеңесі;
- Көлік және логистика кеңесі;
- Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кеңесі;
- Сауда бойынша кеңес;
- Туризм және қызмет көрсету саласы кеңесі;
- Адами капиталды дамыту кеңесі;
- Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі салааралық кеңес.

Салалық кеңестерінің мақсаты – өңірде кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасауда Өңірлік палатаға көмек көрсету.

Салалық кеңестердің міндеттері:
1. Облыста кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға кәсіпкерлік субъектілерін тарту;
2. Аймақтағы кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған елеулі әлеуметтік-экономикалық мәні бар бастамаларды ілгерілету және қолдау;
3. Облыстағы кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарын айқындау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4. Азаматтардың кәсiпкерлiк қызметке құқықтарын жүзеге асыруға байланысты мәселелердi талқылауға және осы мәселелер бойынша ұсыныстар әзiрлеуге азаматтарды, қоғамдық бiрлестiктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн тарту.

Қазіргі уақытта салалық кеңестер құрамының жаңартылып жатырғандығын хабарлаймыз және салалық кеңестердің жұмысына белсенді қатысуға шақырамыз.

Салалық кеңестердің құрамына қосылуға қызығушылық болған жағдайда, үміткерлер келесі құжаттарды ұсынуы керек:
1) Кәсіпкерлердің салалық кеңесінің мүшелігіне кандидаттың еркін нысандағы өтініші (салалық санатты көрсете отырып);
2) кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің/мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
3) Үміткердің түйіндемесі немесе өмірбаяндық ақпараты (фотосуретімен);
4) кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі;
5) кәсіпкерлік субъектісінің қатысушылары туралы белгіленген үлгідегі анықтама (тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама немесе бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісінің анықтамасы (тек акционерлік қоғамдар үшін);
6) беру мерзімі күнтізбелік 10 күннен аспайтын соттылығының болмауы/болуы туралы анықтама.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 1 наурызына дейін.
Егер кәсіпкерлер Салалық кеңестерге кіруге мүдделі болса, үміткерлер келесі құжаттарды ұсынуы керек:
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 87122763664, 87755442020.
 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер