astana-view

Павлодар облысы «Атамекен» палатасының өңірлік кәсіпкерлер кеңесіне делегаттарды сайлау жалғасуда.

2025 жылғы 30 Қаңтар
- Павлодар облысы
486 просмотров

Кезекті рәсім Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Тереңкөл аудандық филиалында өтті.

«EcoStroiProect» ЖШС директоры Мұса Әбдіхаев пен «Данька» шаруа қожалығының басшысы Светлана Кауц өңірлік кеңес мүшелігіне өз кандидатураларын ұсынды. Ашық дауыс беру Мұса Әбдіхаевтың жеңісіне алып келді.

Өңірлік комиссияның хатшысы, Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов «Атамекен» ӨКП Тереңкөл аудандық филиалының директоры Мұсағит Омаровқа сайлауға дайындығы үшін алғысын білдіріп, Мұса Әбдіхаевты өңірлік кеңестің делегаттығына сайлануымен құттықтап, бизнестің құқықтарын қорғау ісінде оның табысқа жететінін айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер