astana-view

Бизнесті қолдаудың заманауи форматы

2025 жылғы 03 Ақпан
406 просмотров

2025 жылдың 3 ақпанынан бастап Қазақстанда Абай, Ұлытау, Маңғыстау, Қостанай, Түркістан және Атырау облыстарында Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін көп функциялы алты орталық ашылды. Енді аталмыш аймақ кәсіпкерлері бір жерден бар қызметті кешенді пайдалану  мүмкіндігіне ие болды.

Көпфункционалды Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары кешенді мемлекеттік және қаржылық емес қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, жұмыс аясын кеңейтуді жалғастыруда. 

2023 жылдан бастап КҚКО еліміздің төрт өңірінде – Астана, Шымкент, Алматы және Орал қалаларының Өңірлік кәсіпкерлер палаталарында «Атамекен» ҚР ҰКП мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арасындағы өзара ынтымақтастық туралы бірлескен меморандум аясында іске асырылуда. Мемлекеттік қызметтерді ұсыну, қолжетімді қаржылық қолдау шаралары бойынша кеңес беру қызметі сияқты  бірнеше бағытты қамтитын бизнесті қолдаудың заманауи форматы.

КҚКО-да «бір терезе» қағидатын іске асыру кәсіпкерлерге барлық қажетті қызметті бір жерде алуға мүмкіндік беріп, ұйымдастыру бойынша кететін шығындарды азайтады, сондай-ақ ақпарат іздеуге және құжаттарды дайындауға кететін уақыт шығынын қысқартады. Заңды тұлғаларды тіркеу, лицензиялар, рұқсат құжаттарын алу, қаржыландыруға өтінімдер беру және т.б. сияқты қызметтерді орталықтандырылған түрде ұсыну рәсімдерді жеңілдетуге және оларды орындау мерзімін қысқартуға ықпал етеді.

Бұл кәсіпкерлерге консультациядан бастап, бизнесті ашуға және дамытуға байланысты мәселелерді кешенді түрде бір жерден алуға мүмкіндік береді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер