astana-view

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің жаңа құрамы анықталды

2025 жылғы 04 Ақпан
- Түркістан облысы
117 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Сайлау комиссиясының 2025 жылғы 3 ақпандағы №8 хаттамасына сәйкес, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің жаңа құрамы бекітілді.

Өңірлік кеңеске 16 аудандық және 7 салалық кеңестен барлығы 23 адам сайланды. Жаңа құрам 39,1%-ға жаңартылды. Кеңес мүшелерінің 26,1%-ын (6 адам) әйелдер құрайды.

Айта кетейік, Өңірлік кеңеске кандидаттардан өтінімдер 2024 жылғы 18-31 желтоқсан аралығында қабылданды, ал сайлау 2025 жылғы 27-29 қаңтарда өтті. Кеңеске мүше болуға 42 үміткер тіркелді.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев бұл шараның ашық әрі әділ ұйымдастырылғанын атап өтті:

«Сайлау ашық және жабық түрде аралас форматта өтті, Zoom байланыс құралдары арқылы онлайн және офлайн. Дауыс беруге салалық және аудандық кәсіпкерлер кеңестерінің 758 мүшесі қатысты, бұл жалпы кеңес мүшелерінің 78,9%-ын құрайды. Оның ішінде 699 мүше офлайн, 59 мүше онлайн форматта дауыс берді. Бұл сайлау нәтижелерінің заңдылығы мен ашықтығын көрсетеді», - деді ол.

 Түркістан облысының Өңірлік кеңесі – бизнесті дамыту және кәсіпкерлерді қолдау бағытында маңызды рөл атқаратын консультативтік орган. Кеңес кәсіпкерлерге ақпараттық, құқықтық және консультациялық көмек көрсетіп, өңірдегі бизнес-климатты жақсартуға арналған бастамалар әзірлейді.

Өңірлік кеңес мүшелерінің тізімі:

  1. Әбішов Нұралы Алмаханұлы - «Bokei» ЖШС құрылтайшысы
  2. Хабибова Дильдар Эргешовна - «Детский ясли-сад «СОГДИАНА» ЖШС құрылтайшысы
  3. Намазбаева Инара Әбдіғаппарқызы - «Қуаныш» ЖШС директоры
  4. Айкан Алмагүл Құдайбергенқызы - «AYKAN (АЙКАН)» ЖШС директоры
  5. Бейсенбаев Ниязали Құрбанәліұлы - «BNK Group Ltd» ЖШС директоры
  6. Колдасов Али-Хасан Молдалиевич - «БАРСАТ» ЖШС бас директоры
  7. Халкулов Диас Абдусаттарұлы - Hampton by Hilton Turkistan қонақүй басқарушысы
  8. Абдыбекова Перизат Каскырбекқызы - «Тюлькубасский известковый завод» ЖШС директоры
  9. Рүстемова Ұлбосын Қаржауқызы – ЖК «Рустемова У.К.»
  10. Куртаев Әділжан Сейтжанұлы - «ЖАНСАЯ» ШҚ төрағасы
  11. Дүкенбаев Салман Өсербайұлы - «Келешек-С» ЖШС директоры
  12. Байғараев Бегімбет Биімбетұлы - «Ақниет-ІІ» ЖШС атқарушы директоры
  13. Маженов Сәкен Есмаханұлы – ЖК «Маженов С.Е.»
  14. Көшенов Сұлтан Бахытұлы - «CD-Барс» ЖШС құрылтайшысы
  15. Мырзабеков Ерболат Калдарұлы - «Ерсұлтан-Агро» ЖШС директоры
  16. Пернешов Ғалымжан Райынбекұлы - «Қазақстан Мақта» ЖШС директоры
  17. Салимов Алмас Алтайұлы - «КУРОРТ-БАРС 2030» ЖШС директорының орынбасары
  18. Ертаев Сырым Махамбетұлы - «Қайып-Ата» ЖШС директорының орынбасары
  19. Ислам Мадина - «Барс-Құрылыс» ЖШС бас директоры
  20. Серманизов Бахытжан Қыпшақбайұлы - СПК «ХАМИТ» төрағасы
  21. Төлебеков Маханбет Шалкарұлы - «Шалкар шыңдары» ЖШС директоры
  22. Ералиев Ербол Жолдасбайұлы - «НУРАЛЫЖОЛ-Ж» ШҚ төрағасы
  23. Худайбергенов Бауыржан Аманкелдіұлы - «ЮгЭлектроПривод» ЖШС директорының орынбасары.



Еншілес ұйымдар

Серіктестер