astana-view

Ақтөбе облысының өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің жаңартылған құрамының бірінші отырысы өтті

2025 жылғы 06 Ақпан
- Ақтөбе облысы
401 просмотров

Отырыс аралас форматта өтті, оған "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақпбеков қатысты. Бұрынғы Кеңес мүшелеріне жемісті жұмысы үшін алғыс айтылды. Жаңа құрамда Төраға сайланып, негізгі жұмыс жоспары анықталды.

 "Ақтөбе облысының Өңірлік кеңесінің жетекші салаларды білдіретін кәсіби құрамы қалыптасты. Белсенді және жемісті жұмысқа сенімдімін. Өздеріңіз білетіндей, үкімет деңгейіндегі Ұлттық палата көптеген комиссиялар, кеңестер және жұмыс топтарының құрамына кіреді және әрқашан сіздің бастамаларыңызға қолдау көрсетуге дайын. Бүгінде салық салу, Салық кодексінің жобасына өзгерістер енгізу мәселелерін талқылау басымдыққа ие, өңірлер әрқашан жоғары сараптамалық пікірімен ерекшеленді", - деп атап өтті Тимур Нақыпбеков.

Өз кезегінде Ақтөбе облысы палатасының директоры Дидар Боранқұлов Өңірлік кеңестің бұрынғы мүшелеріне ынтымақтастық үшін алғысын білдіріп, оларға ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталовтың алғыс хаттарын табыс етті.

Сондай-ақ сайлануымен құттықтап, жаңа құрамға жемісті жұмыс тіледі, ӨКП қызметінің негізгі бағыттары туралы хабардар етті.

Палата басшысы өңірлік кеңестің құрылымы 55,5% - ға жаңартылғанын атап өтті.

"Өңірлік кеңестің жаңартылған құрамы Ақтөбе облысында кәсіпкерлікті дамыту үшін қуатты қозғалтқыш болатынына сенім бар. Кеңес 22 өкілден тұрады, олардың арасында 12 аудандық және 8 салалық кеңестің мүшелері, сондай-ақ аккредиттелген қауымдастықтардың 2 делегаты бар. Жаңа құрамға бұрынғы құрамнан 10 делегат кірді, бұл сабақтастықты да, жаңаруды да көрсетеді", — деді Дидар Боранқұлов.

Өңірлік кеңестің құрамына 17 ер адам мен 5 әйел кіреді, олардың арасында әртүрлі деңгейдегі мәслихаттардың 7 депутаты бар. Кеңестің 20 мүшесі саяси партиялардан тұрады, делегаттардың орташа жасы-48-де. Өңірлік кеңеске 10 ЖШС, 6 ШҚ, 4 ЖК және 2 қауымдастық өкілдері кіреді.

Сондай-ақ, өңірлік кеңестің төрағасы сайланды. Кеңес мүшелерінің бірауыздан шешімімен оны "Дастан" ЖШС құрылтайшысы Айтжанов Асхат Әбдірахманұлы басқарды. Ол құрылыс, ТКШ және энергетика салалық кеңесінің делегаты.

 "Сенім білдіргеніңіз үшін рахмет. Бұл үлкен жауапкершілік. Біз шағын және орта бизнес - ел экономикасының негізгі қозғаушы күші екенің анық түсінеміз. Бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты мәселелерде біз өз ұстанымымызда берік болу керекпіз. Кәсіпкерлердің барлық туындаған сұрақтары бірлесіп шешілуі тиіс", - деді Асхат Айтжанов.

Кеңес мүшелері жұмысқа белсене араласып, кәсіпкерлердің мүдделерін қорғауға дайын екендігін білдірді. Сауда және қызмет көрсету салалық кеңесінен сайланған Арман Жылгелді аудандық кәсіпкерлермен өзара іс-қимылды күшейтуді және ауылдарда көшпелі іс-шаралар өткізуді ұсынды, бұл жергілікті жерлерде бизнестің қажеттіліктерін жақсы түсінуге мүмкіндік береді деді.

 Ақтөбе облысының өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің жаңартылған құрамы белсенді және жемісті жұмысқа дайын, бұл, әрине, өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту үшін қуатты қозғалтқышқа айналады деген сенім туғызады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер